Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бойынша ақпарат

Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бойынша ақпарат

 

ҚР Экологиялық кодексінің 37-бабына сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдары әрбір бес жылдық кезеңге арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін (бұдан әрі – КҚКО) әзірлеуге міндетті.

Нысаналы көрсеткіштер деп қоршаған ортаның жекелеген компоненттерінің жай-күйінің сандық және сапалық сипаттамаларының және белгілі бір уақыт кезеңінде қол жеткізуге тиіс қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды тиімді басқару жөніндегі шараларды қамтамасыз ету деңгейін сипаттайтын өзге де көрсеткіштердің жиынтығы түсініледі.

Қостанай облыстық мәслихатының 15.05.2019 жылғы № 389 шешімімен бекітілген 2019 - 2021 жылдар кезеңіне Қостанай облысы бойынша бұрын қолданыста болған КҚКО-ға қол жеткізілді.

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 2022 жылдың қазан айында «ГЭСПОЛ» ЖШС-мен Қостанай облысы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасын әзірлеуге шарт жасасты. Келісімшартқа сәйкес жұмыстарды орындау мерзімі-2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін. Содан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті өкілді органдардың КҚКО бекіту рәсімі жүргізілетін болады.

Дата публикации
28 апреля 2023