Уважаемые охотпользователи!

Құрметті аңшылар!

 

Сіздерге «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ 2023 жылғы 31 мамырдағы №97-нк бұйрығына сәйкес Қостанай облысында үйректің және құрдың аталықтарына көктемгі аң аулау мерзімінің басталғаны туралы хабарлаймыз.

Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарындағы, Арқалық қаласының әкімдігіне бағынысты жерлеріндегі бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында:

- үйректің аталығына 2023 жылдың 6 сәуірінен 21 сәуіріне дейін.

Қостанай облысының басқа аудандарындағы бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда (Амангелді, Жангелді аудандарынан, Арқалық қаласының әкімдігіне бағынысты жерлерінен басқа):

- үйректің аталығына 2023 жылдың 22 сәуірінен 6 мамырына дейін.

- құрдың аталығына 2023 жылдың 22 сәуірінен 6 мамырына дейін.

Бұл ретте, аң аулауды қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын сақтай отырып жүргізу қажет екенін атап өтеміз.

Дата публикации
03 апреля 2023