Полиэтилен пакеттерін пайдаланудан бас тартуды насихаттау

31 Қазанда «Тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау» және «Полиэтилен пакеттерін пайдаланудан бас тартуды насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілген іс-шаралардың қорытындысы шығарылды.

Дөңгелек үстелге құзыретті мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдері қатысты.

Аталған іс-шара барысында үздік бейнероликтер, экошоп дизайнерлері үшін конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар мен бағалы сыйлықтар, сондай-ақ әлеуметтік желілерде экологиялық қаптаманың пайдасы туралы үздік жарияланым табысталды.

Сонымен, «Рудный қаласының білім бөлімінің № 15 жалпы білім беретін мектебі» КММ 2 «Ә» сынып оқушылары бастауыш сыныптар арасында «Қалдықтарды бөлек жинау» тақырыбындағы бейнероликтер байқауының жеңімпаздары атанды;

Орта буын оқушылары арасында-Елисеева Алена («Сарыкөл ауданының білім бөлімінің Урицк мектеп-лицейі» КММ);

Жоғары сыныптардың арасында Қазмағанбет Нұргүл («Қостанай ауданының білім бөлімінің Надеждин жалпы білім беретін мектебі» КММ) бар.

Әлеуметтік желілерде экологиялық қаптаманың пайдасы туралы үздік жарияланымы үшін Ирина Бердникова («Озат» инновациялық технологиялар лицей-интернаты мамандандырылған мектебі) марапатталды.

«Сіздің дизайныңыз-сіздің экошоперіңіз!» өз дизайнындағы 30 эко сөмкенің иегері Сергазинов Эмиль («Рудный қаласының білім бөлімінің № 9 бастауыш мектебі» КММ) болды.

Дата публикации
31 октября 2022