Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Қазіргі таңда мемлекеттік басқарудың халықпен байланысын жетілдіру және нығайту шаралары қабылдануда, осыған орай мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелеріне ерекше көңіл аударылып отыр.
Басқарма мемлекеттік қызмет көрсету саласының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының қолданыстағы заңнамасын, мемлекеттік қызметшілер тәртібі ережелерінің және әдеп нормаларының мәселелерін түсіндіру іс-шараларын өткізуде. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында бұзушылықтарды анықтау, жою және болдырмау мақсатында Басқарманың құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін және сапасының ішкі бақылауын жүргізуде. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингі тоқсан сайын жүргізіліп, ішкі бақылауы басқарма басшысының бұйрығымен бекітілген жоспар негізінде бақылау іс-шарасы түрінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, халықты хабардар ету үшін Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты бөлім ашылып, мұнда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпарат орналастырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі туралы ақпарат Басқарманың хабарландыру тақтасында, барлығына қол жетімді жерде мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінген, сондай-ақ мемлекеттік органға тікелей жүгіну арқылы білікті кеңес алуға болады.
Осы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің басты шарты ол мемлекеттік қызметшілер мен қоғам арасындағы сенім ұстанымы, өзара жауапкершілігі, серіктестігі, ашықтығы, айқындығы арқылы жаңа үлгінің пайда болуы болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер үшін басты міндет қоғамда сыбайлыс жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сананың қалыптасуы болып табылады, осыған орай мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың сапасы тұрақты бақылауда.
Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сенім телефоны: 8(7142) 54-01-66.