«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қостанай» магистральдық газ құбырлары басқармасы» ӨФ ҚР Экологиялық кодексінің 73-бабының талаптарына сәйкес, Қостанай облысы, Б. Майлин ауданы, Юбилейный С.О., Юбилейное с., Мир көшесі,18 (селолық әкімдік ғимараты) мекенжайы бойынша 2022 жылдың 19 қазанында сағат 16.00-де «Ду700 «Қарталы-Рудный» магистральдық газ құбырының 136 км – 174 км учаскесінде тазалау және диагностикалау құрылғыларының енгізу және қабылдау торабын орнату» жұмыс жобасының ықтимал әсерлер туралы есебі бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.
Әсер ету аумағы: Қостанай облысы, Б. Майлин ауданы, Юбилейный С.О.
Бастамашы: «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қостанай» магистральдық газ құбырлары басқармасы» ӨФ; БСН 150541006021; Қостанай қ., Алтынсарин к-сі,130, тел. 8(7142) 257045.
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «ЮгГазПроект» ЖШС, БСН 070140008615, РК, Шымкент қ., Күншығыс мкр,92-48, тел.(факс): 8 (7252) 201443; ugp_zhake@mail.ru
Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ ЖАО-ның сайтында «Қостанай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ танысуға болады.
Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі,130 мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға ugp_zhake@mail.ru қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме бірыңғай экологиялық порталда және ЖАО-ның «Қостанай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында ұсынылады.
Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады ugp_zhake@mail.ru, kerimbay07@mail.ru және 8 (7252) 201443, 8(7142) 257045 телефондары бойынша.
Бастамашының реквизиті:
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қостанай» магистральдық газ құбырлары басқармасы» өндірістік филиалы
Қостанай облысы, Қостанай қ., Алтынсарин к-сі,130
БСН 150541006021
Телефон 8-7142-25-70-45