Қоғамдық тыңдаулар
19.09.2022 жылы сағат 16.00-де Жітіқара ауданы, Милютин С. О., Милютин с., Степная к., 174а, әкімдік ғимараты мекенжайы бойынша "Кутюхинское кен орнында тотыққан кендерді қайта өңдеу зауытын, үймелеп шаймалау алаңын және басқа да өнеркәсіптік алаңдарды салу және орналастыру" жұмыс жобасына әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін құжаттардың материалдары бойынша (жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, қалдықтарды басқару бағдарламасы, іс-шаралар жоспары) ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдау өтеді.
Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталда танысуға болады https://ecoportal.kz/, сондай-ақ ЖАО-ның "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-нің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar) "Қоғамдық тыңдау" бөлімінде.
Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 72, "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ мекенжайы бойынша қабылданады, тел.: 8 (7142) 54-61-66. Электрондық мекен-жайы: i.biktamanov@kostanay.gov.kz.
Карантиндік шектеулер ұзартылған жағдайда тыңдаулар Zoom платформасындағы бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимінде өтеді. Тыңдауға қатысу үшін мына сілтеме бойынша өту қажет:
https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09.
Конференция идентификаторы: 387 530 9521.
Құпия сөз: uv3JD5.
Қатысушыларды тіркеу талқылау басталғанға дейін 1 сағат бұрын жеке куәлікті көрсеткен кезде жүргізіледі.
Тапсырыс беруші: "Брендт" ЖШС, ҚР, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 11 шағын аудан, 30б құрылысы, БСН 020540002502, тел: +7 (777) 301-20-03, e-mail: brendt@mail.ru.
Әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін құжаттар пакетін әзірлеуші: "Эко-консалтинг" ЖШС, Қостанай қ., 110000, Павлов к-сі, 64-36, тел.: 8 (7142) 50-25-39, e-mail: zina_naschekina@mail.ru.
Қосымша ақпаратты электрондық пошта арқылы алуға болады brendt@mail.ru және тел: +7 (777) 301-20-03.