1) Қызмет көрсетуші туралы мәлімет.
«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, қоршаған орта және жануарлар мен өсімдік дүниесінің өзге де объектілерін қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызмет атқаратын, облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік орган болып табылады.
Басқарманың құрылымы ведомстволық бағыныстағы 11 мемлекеттік мекемеден тұрады.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы мәлімет.
Басқарма 8 қызмет көрсетед:
1. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру.
2. Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру.
3. ІІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беру.
Ағаш кесу және орман билетін беру.
Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру»
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу.
Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру.
Кен іздеушілікке лицензия беру.
Он бір мемлекеттік қызметті тікелей Басқарма көрсетеді, бір «Ағаш кесу және орман билетін беру» деп аталатын мемлекеттік қызметті Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жүзеге асырады.
11 мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде және 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет- «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» және «Кен іздеушілікке лицензия беру» қызметі - ақылы/тегін негізде жүзеге асырылады.
2021жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -4298, оның ішінде электронды түрде - 4298, қағаз түрінде - 0, бұл көрсетілген қызметтердің 86,2% құрайды.
Мемлекеттікқызметтердікөрсетукезінде Басқарма қызметкерлері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылыққа алады.
Өтініштердің болмауына байланысты, 2021 жылы 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет талап етілмеді:
Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру»
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу.
3) Ең талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Жүргізілген сараптама негізінде 2021жылғы ең талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
- Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру.
- Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру.
- ІІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беру.
- Ағаш кесу және орман билетін беру.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәлімет.
Халықты ақпараттандыру мақсатында, Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтер тәртібі туралы өзекті ақпарат мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында, Instagram, Feesbuk, в Контакте әлеуметтік желілерінде байланыста сондай-ақ ақпараттық тақтада, жалпыға бірдей шолу үшін қол жетімді орындарда орналасқан. Басқарма брошюлалар буклеттер әзірледі.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі.
Осыған байланысты, Басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасы электрондық үкіметінің e.gov.kz порталында, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын әзірлеуге жауапты орталық мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында стандарттар жобаларын тұрақты негізде талқылау мүмкіндігіне қатысты қызмет берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, стандарттар жобаларына толықтырулар, немесе өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар Басқармаға түспеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстар, семинарлар, кездесулер, сұхбат алу және басқалары).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру мақсатында, Басқарма қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы түрлі іс-шараларға (семинарлар, дөңгелек үстелдерге, кеңестерге және т.б.)белсенді түрде қатысады. Сонымен қатар, қызмет алушылар жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процедурасы жөнінде білікті кеңес алады. Сондай-ақ, Басқарма 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар өткізуді жоспарлар отыр.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтің автоматтандырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электронды түрде беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық 8 түрі оңтайландырылған – көрсету мерзімі қысқартылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қажетті құжаттар пакеті азайтылған және т.б. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері, олардың көрсетілу сапасына оң әсерін тигізеді –мемлекеттік қызметтер көрсету процесі жеңілдетіледі және жылдамдатылады, әкімшілік кедергілер қысқарады.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін көтеруге бағытталған шаралар.
Басқарманың мемелекеттік қызмет көрсетуге жауаптықызметкерлері тиісті Заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсынымдарды, мемелкеттік қызмет мстандарттарын зерделеу арқылы өз білім деңгейін арттырады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2021 жылдаң 12 айында 36490 адамды қамти отырып 59түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Сонымен бірге, 2020 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Департаментінің және Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы
өкілдерін тарта отырып, қолданыстағы заңнаманы зерделеу бойынша бірқатар іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, кеңестер, семинарлар және т.б.) өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, кестеге сәйкес, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық қазыналық кәсіпорнының филиалында қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарда бар.
1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат.
Есептік кезеңде, Басқарма ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері.
Қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен ескертулердің болмауы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылады. Бұған қоса, Басқарма ай сайын ақпараттандыру Басқармасына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі есепті жолдайды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті орган өткізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылаудың нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында басқару ай сайынғы негізде Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша жұмыс туралы есепберуді жүзеге асырады.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі есептік кезеңде жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету Басқармасының әрі қарайғы тиімді жұмысын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттануынарттыру мақсатында 2022жылы жоспарланып отыр:
- қолданыстағы заңнаманы соның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Департаментінің өкілдерін тарта отырып зерделеуге бағытталған іс-шаралар өткізу;
- мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету жөнінде қажетті шараларды қабылдау;
- Басқарма ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсету процедурасы туралы қызмет алушыларға ақпарат беру жұмыстарын тұрақты негізде өткізу;
- кестеге сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарды біліктілікті көтеру курстарына жіберу;
- осы есепке жария талқылау өткізу;
- Басқарма басшысы бекіткен 2021 жылға арналған жоспарда көзделген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі шараларды уақытылы жүзеге асыру.