2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексіне, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес ағаш шырындарын дайындау үшін;
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жанама орман пайдалану үшін;
3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін;
4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін, ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін.