«Қостанай облысының Су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы мәслихаттың № 468 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38 бабы 1) тармақшасына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының Су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларында:
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үсті су объектілері, егер оларды осы мақсаттарда пайдалануға толық немесе ішінара тыйым салынған, не олар оқшау пайдалануға берілген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібі және кеме қатынасы су жолдарының тізбесі Кодекстің 105 бабының 3 тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады»;
11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескерумен, жүзеге асырылмайтындарды белгілеу:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында уәкiлеттi органдар тыйым салған жерлердегі жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу;
су айдындарында тиісті тыйым салу немесе ескерту қауіпсіздік белгілері орнатылған жерлерде шағын кемелерде және басқа жүзу құралдарында жүзу.
«Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 34 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелді) (бұдан әрі - Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары) талаптарына сәйкес су айдындарының қауіпті және демалу мен шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде жергілікті атқарушы органдармен су айдындарында тыйым салу және ескерту қауіпсіздік белгілері орнатылады»;
келесі мазмұндағы 11-1, 11-2 тармақтармен толықтырылсын:
«11-1. Су айдындарының жабдықталмаған учаскелерінде, су айдындарында тиісті қауіпсіздік белгілері орнатылған жерлерде шомылуға тыйым салынатыны айқындалсын.
«11-2. Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарына сәйкес су айдынының учаскесі жабдықталған болса, шомылуға рұқсат етіледі»;
келесі мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 364 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады».
Сессия төрағасы
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов