Ластағыш заттардың шығарындылары мен тасымалдануы тіркелімін(ЛШКТ) жүргізу шеңберінде есептілікті ұсыну туралы.
Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Ластағыш заттардың шығарындылары мен тасымалдануы тіркелімін (ЛШКТ) жүргізу шеңберінде есептілікті уақтылы ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 346 бұйрығымен бекітілген ЛШКТ жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес, тиісті объектілердің операторлары жыл сайын 1 сәуірден кешіктірмей алдыңғы күнтізбелік жыл үшін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкіне есептілікті ұсынуға міндетті.
Есептілік (https://ndbecology.gov.kz ) ақпараттық ресурсы арқылы ұсынылады.
Қызметі ЛШКТ талаптарына жататын объектілердің операторлары заңнамада белгіленген мерзімдерде тиісті есептіліктің толық әрі уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етуі қажет.
Басқарма объектілердің операторларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырады.