«Варваринское» ЖШС

Хабарландыру

«Варваринское» ЖШС Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес, 2026 жылғы 3 қарашада сағат 11:00-де мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы (бұрынғы Таран ауданы), Асенкритов ауылдық округі, Варваринка ауылы, кәсіпорынның өндірістік алаңы аумағында «Варваринское» ЖШС жаңа шығарындылар көздерін қосу, жобасының ықтимал әсері туралы есеп бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды. Варваринка ауылының тұрғындарын қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін тыңдаулар өткізілетін орынға кәсіпорын көлігімен жеткізу ұйымдастырылады. Жиналу орны – Варваринка ауылының автобус аялдамасы, сағат 10:30.

Қоғамдық тыңдауды ұйымдастырушы: "Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ.

Жобалық құжаттама пакетімен https://ndbecology.gov.kz сайтында, сондай-ақ «Қостанай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar/documents/1?directions=_7360&lang=kk.

Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар бойынша ескертулер мен ұсыныстарды қағаз немесе электрондық нысанда қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күн басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей https://ndbecology.gov.kz сайты арқылы, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның пошталық мекенжайына: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Гоголь көшесі, 75, іс жүргізу бөлімі Легым, электрондық пошта: kostanai-ecodep@ecogeo.gov.kz мекенжайына жолдауға болады. Сонымен қатар ескертулер мен ұсыныстарды «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не: zh.remizova@kostanay.gov.kz, тел.: 8 (7142) 54-61-66, Қостанай қ., Тәуелсіздік көшесі, 72 мекенжайы бойынша жолдауға болады. Осы мекенжайларға жарияланған қоғамдық тыңдаулар хаттамасы бойынша да ескертулер мен ұсыныстар жіберуге болады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме:

https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09 Конференция идентификаторы: 387 530 9521, Кіру коды: uv3JD5.

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: info@ecoair.kz және 8 (7232) 41-06-87 телефон бойынша алуға болады.

Жоспарланып отырған қызметтің операторы: «Варваринское» ЖШС, БСН: 950840000144, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы (бұрынғы Таран ауданы), Асенкритов ауылдық округі, Варваринка ауылы, тел.: +7-705-311-83-39.

Жобаны әзірлеуші: «ECO AIR» ЖШС, БИН: 050940002909, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Беспалов көшесі, 51А, тел: 8 (7232) 41-06-87.

Әсер ету аймағы: Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Варваринка ауылы.

Географиялық координаты:

  1. 52° 57' 47.07" с.е., 62° 6' 35.33" ш.б.;
  2. 52° 58' 5.51" с.е., 62° 10' 22.44" в.д.;
  3. 52° 56' 1.92" с.е., 62° 10' 36.13" в.д.;
  4. 52° 55' 41.83" с.е., 62° 6' 9.60" в.д.

Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Дата публикации
30 сентября 2026