Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің

күші жойылды деп тану туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына  сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облыстық

мәслихатының төрағасы                                                С. Ещанов

 

Қостанай облыстық мәслихатының

2026 жылғы «___» ______

№ ___ шешіміне

қосымша

 

 

Қостанай облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған

кейбір шешімдерінің тізбесі

 

 

  1. «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27716 болып тіркелген).
  2. «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10000 болып тіркелген).
  3. «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 40 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10050 болып тіркелген).
  4. «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі № 150 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10241-10 болып тіркелген).
  5. «Мәслихаттың 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2025 жылғы       6 мамырдағы № 219 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10467-10 болып тіркелген).

 

Дата публикации
20 июля 2026