Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының

күші жойылды деп тану туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                              27-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облысының әкімі                                                                     Қ. Ақсақалов

Дата публикации
25 мая 2026