Жергілікті деңгейде экологиялық саясатты іске асыру барысы туралы ақпарат
Орман шаруашылығы
Басқарма орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау салаларында өз қызметін жүзеге асырады.
Қостанай облысының мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 1 млн 150,4 мың га құрайды, оның ішінде 238,7 мың га орманмен көмкерілген. Соның ішінде облыс әкімдігінің қарауында 462,0 мың га, оның ішінде орманмен көмкерілгені 208,8 мың га.
Облыс әкімдігінің қарауындағы орман қоры аумағында ормандарды қорғау, сақтау және молықтыру жұмыстарын Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 11 орман шаруашылығы мекемесі жүзеге асырады.
2021–2027 жылдарға арналған Қостанай облысының ормандарды молықтыру кешенді жоспарына сәйкес 17,2 мың га алаңда 113,2 млн дана көшет отырғызу көзделген.
2021–2025 жылдар аралығында 11,7 мың га алаңда 78,8 млн дана көшет отырғызылды. 2026 жылы 2,8 мың га алаңда 19,3 млн дана көшет отырғызу жоспарланған болса, қазіргі таңда 1,5 мың га аумақта 8,6 млн дана қарағай мен қайың көшеттері отырғызылды.
2023 жылы орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,3 млрд теңге бөлініп, 58 трактор, 11 өрт сөндіру автокөлігі, 29 автокөлік және аспалы, тіркемелі жабдықтар сатып алынды.
2024 жылы 1,0 млрд теңгеге 15 өрт сөндіру көлігі, 10 патрульдік автокөлік, 1 трактор сатып алынды.
Сонымен қатар, 2025 жылы лизинг аясында 3,5 млрд теңгеге 25 өрт сөндіру көлігі, 26 трактор, 36 шағын орман өрт сөндіру кешені сатып алынды. 25 өрт сөндіру көлігін жеткізу 2026 жылдың сәуір айының соңына жоспарланған.
Ақылы қызметтер есебінен 26 патрульдік автокөлік, 1 трактор, 16 тіркемелі жабдық және 2 өртке қарсы тіркемелі жабдық сатып алынды.
2024 жылғы шілдеден бастап облыстық бюджет есебінен орман өрт станциялары қызметкерлеріне қауіпті еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде үстемақы белгіленді.
Сондай-ақ, орман мекемелерінің штат саны 2023 жылғы 825 бірліктен ағымдағы жылы 1242 бірлікке дейін ұлғайтылды.
2025 жылғы өрт қауіпті маусымда мемлекеттік орман қоры аумағында 26 орман өрті тіркелді (2024 ж. – 11), жалпы аумағы 121,7 га (2024 ж. – 125,7 га), оның ішінде орманмен көмкерілгені – 87,2 га (2024 ж. – 6,1 га). Жоғарғы өртке ауысу фактілері тіркелген жоқ.
Өрттердің себептері: ауыл шаруашылығы өртеулері және дала өрттері – 3 жағдай, халық кінәсінен – 4 жағдай, найзағайдан – 8 жағдай, анықталмаған себептер – 11 жағдай.
Ағымдағы жылдың 28–29 мамырында Қостанай облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және ішкі істер органдарымен бірлесіп республикалық өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған.
Орман шаруашылығы мекемелерінде өрттің алдын алу және сөндіру тактикасы бойынша нұсқамалар мен оқыту жұмыстары жүргізілді.
2026 жылы орман мекемелерінің 15 қызметкері Көкшетау қаласындағы азаматтық қорғау академиясының оқу орталығында біліктілігін арттырды.
«Қазавиалесоохрана» тарапынан қылқан жапырақты ормандар көлемі жоғары 5 орман шаруашылығында (Арақарағай, Басаман, Боровской, Пригородный, Семиозерный) жалпы орман қорының 48% аумағында авиациялық патрульдеу жүргізіледі. 2026 жылы жалпы ұшу уақыты 361 сағатты құрайды.
Облыс орман мекемелерінің қарамағында 17 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.
Орман қорын қорғау мақсатында 285 км минералдандырылған жолақтар салу және 56 мың км қолданыстағы жолақтарды үш рет өңдеу жоспарланған.
Қазіргі таңда 299 ұйғарым беріліп, 158 үгіт-насихат материалдары таратылып, 200 семинар мен дәрістер өткізілді.
2026 жылға негізгі міндет – орман өрттерінің саны мен аумағын барынша азайту.
2025 жылы 1674 рейд жүргізіліп, 89 заңсыз ағаш кесу фактісі анықталды. Келтірілген залал – 30,6 млн теңге.
Коммуналдық қалдықтарды басқару
Қостанай облысында жыл сайын орта есеппен 272 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) түзіледі, оның ішінде 21,1%-ы қайта өңделеді. Қалдықтардың жинақталу және түзілу нормаларына сәйкес, Қостанай қаласында қалдықтардың түзілу көлемі 102,9 мың тоннаны құрайды.
Қостанай облысының барлық аудандары мен қалаларында коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламалары бекітілген.
Қостанай қаласында халық үшін ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифі 619,64 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.
Қалдықтарды жинау және шығару жүйесі
ҚТҚ жинау және шығару қызметтерімен халықтың 77%-ы қамтылған. Қостанай қаласында 1 758 қоқыс контейнері орнатылған. 2024 жылы қосымша 500 контейнер сатып алынды. Қоқыс тасымалдау техникаларының жалпы саны – 44 бірлік, оның ішінде 5 бірлік 2024 жылы алынған.
Қалдықтарды сұрыптау
Қостанай қаласында жылына 100 мың тонна қуаттылығы бар «Тазалық – 2012» ЖШС қоқыс сұрыптау кешені жұмыс істейді.
Сондай-ақ, жеңілдетілген қаржыландыру аясында «Рудный-АБАТ-2006» ЖШС-ның жылына 50 мың тонна қуаттылығы бар сұрыптау жобасын іске қосу жоспарлануда.
Қалдықтарды қайта өңдеу
Қолданыстағы қайта өңдеу инфрақұрылымы:
Пластикті қайта өңдеу бойынша 3 кәсіпорын («Атамекен 4+» ЖШС, «Фабрика нетканых материалов» ЖШС, «Perviy Potolochnyi KZ» ЖК) – жылына 4,5 мың тонна;
Макулатураны қайта өңдеу бойынша 2 кәсіпорын («ЛисБум.KZ» ЖШС, «Лисаковский картонно-бумажный комплекс» ЖШС) – жылына 7,2 мың тонна;
Шиналарды қайта өңдеу бойынша 4 кәсіпорын («EcoLabRecycling» ЖШС, «Варг» ЖШС, «Резино-технические отходы Костанай» ЖШС, «Едил и компания» ЖШС) – жылына 13,3 мың тонна.
Қалдықтарды көму полигондары
Қостанай облысында ҚТҚ көмуге арналған 239 полигон бар, оның ішінде 129-ы экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді, бұл 54%-ды құрайды.
Жеңілдетілген қаржыландыру аясындағы жобалар:
«Рудный-АБАТ-2006» ЖШС – құрылыс қалдықтарын қайта өңдеуге арналған мобильді шредер (жылына 70 мың тонна);
«Еділ и компания» ЖШС – шиналарды қайта өңдеу (8 мың тонна);
«Север-Комбинат» ЖШС – макулатураны қайта өңдеу (жылына 3,6 мың тонна).
Рұқсат етілмеген қоқыс орындары
2024 жылы ғарыштық мониторинг аясында облыс аумағында 373 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, оның 354-і (94%) жойылды.
Экологиялық реттеу
Экологиялық реттеу саласында Басқарма қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді, оның ішінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын және II санаттағы объектілерге қоршаған ортаға әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттарды береді.
Сонымен қатар, Басқарма III санаттағы объектілер операторларынан қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияларды қабылдайды.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға қатысады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша 259 оң мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы, 86 экологиялық рұқсат беріліп, 290 қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация қабылданды.