Міндеті: ормандарды күзетуді, қорғауды, өсiмiн молайтуды және орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, олардың функционалдық басқаруындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
Функциялары:
- өртке қарсы насихаттауды ұйымдастырады, ормандарды сақтау мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялайды, ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін іске асырады;
- қажет болған жағдайда арнайы комиссиялар құру арқылы облыс аумағында орман өрттерімен күресу бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
- жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ өртке қарсы техникаларды, көлiк құралдарын және орман өрттерiн сөндiруге арналған өзге де ұйымдастыру құралдарын тарту тәртiбiн белгiлейдi, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды тасымалдау, өрт сөндiру құралдарымен, азық-түлiкпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;
- орман қорының аумағында зиянкестер мен орман ауруларымен күресу және оның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы, зиянкестер мен орман ауруларымен күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ ормандағы өрт қауіптілігі жоғары болған кезде орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешімдер қабылдайды,
- уәкiлеттi органға жолдау үшiн функционалдық басқаруындағы орман қорын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттiк орман кадастры, ормандарды мемлекеттiк мониторинг жүргізу бойынша материалдарды дайындайды;
- мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары жобаларын әзірлейді;
Міндеті: табиғат пайдалану саласында мемлекеттік реттеу;
Функциялары:
- орман өрттерiн алдын алу және олармен мемлекеттiк орман қоры аумағында күресу бойынша жыл сайынғы iс-шаралар жоспарларын әзiрлейдi, бекiтедi және жүзеге асырады;
- уәкiлеттi органның және облыстың жергiлiктi өкiлдi органының қатысуымен функционалдық басқаруындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану үшiн орман ресурстарын беру жөнiндегi тендерлерді ұйымдастырады және жүргiзедi;
- мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi орман пайдалану келісімшарттарын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады;
- мемлекеттiк орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті өртке қарсы құрылымдардың жұмыс жасауына жәрдемдеседі;