GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 октября 2026
Қостанайлық пара дзюдошы Ермек Нұрқабаев Нагояда өткен V Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды

Ермек 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (J2 класы) үшінші орынға ие болды. Бұл салмақта Өзбекстан өкілі Давурхон Фозил угли Кароматов алтын медаль иеленсе, тағы бір қазақстандық Жанбота Аманжол күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қостанай облысының спортшылары үшін бұл биылғы Пара ойындарындағы екінші жүлде. Бұған дейін халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пара пауэрлифтингтен сынға түскен Тұрсынай Қабыл ұлттық құрама қоржынына күміс медаль салған болатын.

Ермекті сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз!

Жоғары дәрежелі спорт
19 октября 2026
Тұрсынай Қабыл 2026 жылғы Азия Пара ойындарының «күмісін» иеленді

Нагоя (Жапония), 19 қазан. Қазақстандық пауэрлифтер Тұрсынай Қабыл Нагояда өтіп жатқан V жазғы Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасына күміс медаль сыйлады.

Қостанай облысының спортшысы 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетті.

Қабыл жатып сығымдау жаттығуында барлық үш мүмкіндікті де қатесіз орындап, мінсіз техника көрсетті.

Алғашқы талпынысында ол 100 келі салмақты бағындырса, екіншісінде нәтижесін 102 келіге дейін жақсартты, ал финалдық кезеңде өзі үшін рекордтық 104 келіні көтеріп, вице-чемпион атағын бекіте түсті.

Бұл санатта алтын медальді 120 келі нәтижесімен атақты қытайлық Цуй Чжэ жеңіп алды.

Үздік үштікті 97 келіні көтерген Индонезия өкілі Ни Ненгах Видиасих түйіндеді. Тұрсынай Қабыл үшін бұл Азия Пара ойындарындағы қатарынан екінші күміс медаль — 2023 жылы Ханчжоуда ол 87 келі нәтижесімен тұғырдың екінші сатысына көтерілген болатын.

Тұрсынай үшін бұл көрсеткіш Азия Пара ойындарындағы жеке рекорды атанды. Ханчжоудағы өткен ойындарда күміс жүлде үшін 87 келі де жеткілікті болса, бұл жолы 104 келіге дейінгі өсім спортшының орасан зор дайындығын айқындайды.

Тұрсынайды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

 

 

 

Жоғары дәрежелі спорт
19 октября 2026
Қоржынға 100 ұпай: Самалай Ерғалиеваның Ақтаудағы жарқын жеңісі

Дзюдошы Самалай Ерғалиева Қазақстанның үйдегі Азия кубогында Қостанай облысына алтын медаль сыйлап, Қазақстан әйелдер құрамасының дзюдодан бірінші нөмірлі спортшысы мәртебесін нығайтты.

Ақтауда өткен Aktau Asian Open 2026 халықаралық турнирінде ол 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, IJF рейтингіндегі қоржынына 100 ұпай қосты.

Бұл жетістік спортшының ағымдағы маусымдағы жеңісті жолын жалғастырды. Маусымды ол Орал қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алудан бастаған болатын.

Ересектер деңгейіне сәтті бейімделуі Қостанай облысының болашағынан үміт күттіретін өкіліне Grand Prix және Grand Slam серияларының ірі турнирлеріне тікелей жолдама алуға мүмкіндік береді.

Самалайды сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!

 

 

Жоғары дәрежелі спорт
16 октября 2026
Қостанай облысының конькишілері ел чемпионатындағы маусымды сәтті бастады

Қостанай облысының құрама командасы конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Еліміздің үздік стайерлері мен спринтерлері арасындағы жарыстар 2026 жылғы 13–15 қазан аралығында елордадағы «Алау» мұз сарайында өтті.

Маусымның алғашқы жарыстарының қорытындысы бойынша қостанайлық спортшылар жеті медаль жеңіп алды. Оның ішінде екі алтын, бір күміс және төрт қола жүлде бар.

Қостанай құрамасының басты жеңімпазы Вадим Якубовский болды. Ол ерлер арасындағы ең күрделі стайерлік қашықтық — 5000 метрде 6:41,19 нәтижесімен мәреге жетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Кейін Вадим Якубовский 1500 метр қашықтықта да табысты өнер көрсетіп, тартысты бәсекеде 1:51,76 нәтижесімен күміс медаль иеленді. Айта кетерлігі, осы қашықтықта Қостанай облысының тағы бір өкілі Андрей Семенов қола жүлдеге қол жеткізді. Ол командаласынан небәрі екі жүздік секундқа қалып, 1:51,78 нәтижесін көрсетті.

Өңір қоржынына тағы бір алтын медальді Александр Кленко, Дмитрий Бичуркин және Дмитрий Осипенко құрамындағы ерлер командасы салды. Қостанайлық үштік командалық спринтте 1:24,10 нәтижесімен жеңіске жетіп, Астана (1:24,59) және Алматы (1:27,03) құрамаларын артта қалдырды.

Спринтерлік қашықтықтарда бірнеше медаль жеңіп алған қостанайлық Никита Важенин де жарыстың үздіктері қатарынан көрінді. Спортшы екі рет тұғырдың үшінші сатысына көтерілді: алдымен ең қысқа 500 метрлік қашықтықта 36,04 секунд нәтижесімен, кейін 1000 метрде 1:11,29 уақыт көрсеткішімен қола медаль иеленді.

Әйелдер арасындағы жарыстарда да Қостанай облысының спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді. Виктория Блохина, Алиса Казорина және Сати Баекина өңір қоржынына қола медаль салды. Алты айналымдық командалық жарыста қостанайлық конькишілер 3:33,72 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, қола жүлдеге ие болды.

Спортшыларды сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!

 

 

 

Жоғары дәрежелі спорт
15 октября 2026
Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысады

Ауыр атлетикадан халықаралық федерация (IWF) Қытайдың Нинбо қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.

Алексей Чуркин 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медальдар үшін бақ сынайды. Бұл салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі — Астанадан келген спортшы Едіге Емберді де өнер көрсетеді.

Алдын ала тізімге Қазақстан атынан алты салмақ дәрежесі бойынша барлығы жеті спортшы енгізілген. Олардың арасында әйелдер құрамасының екі өкілі бар.

Әлем чемпионаты 27 қазан мен 8 қараша аралығында өтеді.

Айта кетейік, бұл турнир 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеудің алғашқы ресми кезеңі болмақ.

Жоғары дәрежелі спорт
15 октября 2026
Қостанай облысының үш спортшысы шорт-тректен Әлем кубогының кезеңдерінде Қазақстан намысын қорғайды

Қазақстанның конькимен жүгіру федерациясы Канадада өтетін Әлем кубогының алғашқы кезеңдеріне қатысатын шорт-тректен ұлттық құраманың ресми құрамын бекітті. Елдің үздік 12 спортшысының қатарына Қостанай облысының үш өкілі енді.

Халықаралық аренада Қазақстан намысын Глеб Ивченко, Полина Омельчук және Анастасия Галечина қорғайды.

Үшеуі де Рудный қаласындағы шорт-трек мектебінің тәрбиеленушілері және №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің атынан өнер көрсетеді.

Ұлттық құрамаға іріктеу ел ішіндегі біріншілікте жоғары бәсекелестік жағдайында өтті. Нәтижесінде Қостанай облысының конькишілері әлемдік кезеңдерге жолдама алып, өздерінің жоғары кәсіби деңгейін дәлелдеді.

Айта кетейік, Әлем кубогының алғашқы кезеңі 23–25 қазан аралығында Ванкуверде, ал екінші кезеңі 30 қазан мен 1 қараша аралығында Монреаль қаласында (Канада) өтеді.

Жоғары дәрежелі спорт
Мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы спорт
15 октября 2026
Жапониядағы ойындарда Қостанайдың параспортшылары: жарыстардың толық кестесі

Ертең, 16 қазанда, қостанайлық спортшылар V Жазғы Азия Пара ойындарында медальдар үшін күреске қосылады. Қазақстан құрамасы жарыс жолын пара үстел теннисінен іріктеу матчтарынан бастайды. Бұл жарыстар Жапонияда өтетін Ойындардың ресми ашылуынан екі күн бұрын басталады.

Қостанай облысының 11 параспортшысы спорттың алты түрінен медальдар үшін бақ сынайды: пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара үстел теннисі, пара оқ ату, пара велоспорт және пара жеңіл атлетика.

Бірде-бір жарысты өткізіп алмауыңыз және спортшыларымызға қолдау көрсетуіңіз үшін олардың өнер көрсету кестесін дайындадық. (Уақыт алдын ала жасалған кестеге сәйкес жергілікті уақытпен көрсетілген.)

ПАРА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

Қостанайлық спортшылардың арасында жарыс жолына алғаш болып Игорь Худяков шығады.

16 қазан: жекелей сайыс (7-сынып).

22 қазан: ерлер арасындағы командалық жарыс.

ПАРА ДЗЮДО

Қостанайлық үш татами шебері Жапония татамиіне әртүрлі салмақ дәрежелерінде шығады:

19 қазан: Эльнара Абдиназарова — 60 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесі (J1 класы).

20 қазан: Динара Куджулова — 70 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесі (J1 класы).

21 қазан: Ермек Нұрқабаев — 95 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесі (J2 класы).

ПАРА ПАУЭРЛИФТИНГ

19 қазан пара пауэрлифтингшілеріміз үшін қызу жарыс күні болмақ. Облыстың екі мықты өкілі бір күнде жарыс тұғырына көтеріледі:

19 қазан (10:30): Фархат Мутунов — 49 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесі.

19 қазан (12:10): Тұрсынай Қабыл — 41 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесі.

ПАРА ОҚ АТУ

Қостанайлық мергендер атыс шебінде екі күн бойы сынға түседі:

19 қазан (10:00): Арсен Мұратов — R1 дисциплинасы.

19 қазан (12:05): Санаш Ещанов — R4 дисциплинасы.

20 қазан (12:10): Арсен Мұратов — R3 дисциплинасы.

20 қазан (12:05): Санаш Ещанов — R5 дисциплинасы.

ПАРА ВЕЛОСПОРТ

23 қазан (14:00): Павел Бабенко тасжолдағы жарысқа қатысып, өңір намысын C4 класында қорғайды.

ПАРА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Пара жеңіл атлеттеріміз де техникалық дисциплиналарда жоғары орындар үшін күреседі. Олардың жарысқа шығатын нақты күндері мен уақытын жарыс басталарға жақын төрешілер алқасы бекітеді.

Гүлдерай Қабурова — ядро лақтыру (F42 класы).

Светлана Иржанова — ядро лақтыру және диск лақтыру (F11 класы).

Қостанайлық паралимпиадашыларға сәтті өнер көрсетуді, темірдей төзімділік пен алтын медальдар тілейміз!

Қостанай облысына жанкүйер болайық! Қазақстанға қолдау көрсетейік!

 

12 октября 2026
«Ауыл Спорт – 2026» спорттық жарыстарының облыстық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Жеңімпаздар 2026 жылғы 3–7 қараша аралығында Астана қаласында өтетін жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды. Онда олар республикалық деңгейде Қостанай облысының намысын қорғайтын болады.

Үстел теннисі

10 жасқа дейінгі қыздар

1-орын — Марат Фариза, Сарыкөл ауданы.
2-орын — Сырымбет Зухра, Сарыкөл ауданы.
3-орын — Алиева Алина, Денисов ауданы.

10 жасқа дейінгі ұлдар

1-орын — Альмагамбетов Дастан, Қарабалық ауданы.
2-орын — Кадыржанов Куаныш, Сарыкөл ауданы.
3-орын — Ратиев Александр, Денисов ауданы.

10–14 жас аралығындағы ұлдар

1-орын — Альмагамбетов Алан, Қарабалық ауданы.
2-орын — Цюпик Матвей, Алтынсарин ауданы.
3-орын — Тайжанов Ельжан, Сарыкөл ауданы.

10–14 жас аралығындағы қыздар

1-орын — Шаяхметова Айгерим, Қарабалық ауданы.
2-орын — Оспанова Камила, Қарабалық ауданы.
3-орын — Курбанова Камила, Қарабалық ауданы.

Шағын футбол

1-орын — Қарабалық ауданының командасы.
2-орын — Әулиекөл ауданының командасы.
3-орын — Меңдіқара ауданының командасы.

Баскетбол

2011 жылы туған және одан кіші қыздар арасында

1-орын — Денисов ауданының командасы.
2-орын — Қарабалық ауданының командасы.
3-орын — Әулиекөл ауданының командасы.

 

2011 жылы туған және одан кіші ұлдар арасында

1-орын — Ұзынкөл ауданының командасы.
2-орын — Әулиекөл ауданының командасы.
3-орын — Федоров ауданының командасы.

Шахмат

10 жасқа дейінгі қыздар

1-орын — Ефремочкина Карина, Б. Майлин ауданы.
2-орын — Исенгалиева Айдана, Алтынсарин ауданы.
3-орын — Купабаева Айым, Алтынсарин ауданы.

10 жасқа дейінгі ұлдар

1-орын — Ғабдрахман Ернар, Жангелдин ауданы.
2-орын — Найманов Алан, Алтынсарин ауданы.
3-орын — Каип Хакназар, Б. Майлин ауданы.
4-орын — Калиев Рауан, Қарасу ауданы.

14 жасқа дейінгі қыздар

1-орын — Преймакова Анна, Б. Майлин ауданы.
2-орын — Саукен Айару, Б. Майлин ауданы.
3-орын — Бейсенгулова Жасмина, Б. Майлин ауданы.

14 жасқа дейінгі ұлдар

1-орын — Ахметов Акылбек, Б. Майлин ауданы.
2-орын — Резник Тимофей, Федоров ауданы.
3-орын — Бахитжанов Дархан, Б. Майлин ауданы.

Волейбол

Қыздар

1-орын — Сарыкөл ауданы.
2-орын — Әулиекөл ауданы.
3-орын — Амангелді ауданы.

Ұлдар

1-орын — Денисов ауданы.
2-орын — Әулиекөл ауданы.
3-орын — Қарасу ауданы.

Еркін күрес

41 кг салмақ дәрежесі (ұлдар)

1-орын — Абикеев Жанбатыр, 2012 жылы туған, Алтынсарин ауданы.
2-орын — Максимов Глеб, 2013 жылы туған, Денисов ауданы.
3-орын — Маликов Амир, 2014 жылы туған, Қамысты ауданы.

44 кг салмақ дәрежесі

1-орын — Пастушок Роман, 2013 жылы туған, Денисов ауданы.
2-орын — Уразов Артем, 2013 жылы туған, Сарыкөл ауданы.
3-орын — Доскужин Нуртас, 2014 жылы туған, Қамысты ауданы.
3-орын — Табанов Ералы, 2012 жылы туған, Науырзым ауданы.

48 кг салмақ дәрежесі

1-орын — Куаныш Нұртілеу, 2013 жылы туған, Науырзым ауданы.
2-орын — Бөлтірік Қыдырәлі, 2012 жылы туған, Науырзым ауданы.
3-орын — Баймурзин Саян, Қамысты ауданы.

52 кг салмақ дәрежесі

1-орын — Тарунин Влас, Сарыкөл ауданы.
2-орын — Бельгибаев Ержан, Денисов ауданы.
3-орын — Мусин Дамир, Ұзынкөл ауданы.
3-орын — Ділдәбек Нұртас, Қамысты ауданы.

57 кг салмақ дәрежесі

 1-орын — Айдаров Тимур, Қостанай ауданы.
2-орын — Андамасов Жадыгер, Сарыкөл ауданы.
3-орын — Елубай Нуртилек, Ұзынкөл ауданы.
3-орын — Закир Арсен, Қамысты ауданы.

62 кг салмақ дәрежесі

1-орын — Беремжанов Ануар, 2012 жылы туған, Денисов ауданы.
2-орын — Романчук Тимур, 2012 жылы туған, Науырзым ауданы.
3-орын — Елбек Омарбек, 2012 жылы туған, Алтынсарин ауданы.
3-орын — Бағытжанұлы Ансар, 2012 жылы туған, Науырзым ауданы.

Бокс

40 кг салмақ дәрежесі

1-орын — Жармухамбетов Али, Қарабалық ауданы.
2-орын — Зейнола Ғалинур, Науырзым ауданы.
3-орын — Кокаев Бекжан, Науырзым ауданы.
3-орын — Ислямов Арман, Б. Майлин ауданы.

43 кг салмақ дәрежесі

1-орын — Нурмагамбетов Саян, Қарабалық ауданы.
2-орын — Ерсайын Нүрислам, Жангелдин ауданы.
3-орын — Римашевский Сергей, Б. Майлин ауданы.
3-орын — Жунусов Амир, Б. Майлин ауданы.

46 кг салмақ дәрежесі

1-орын — Шукенов Суграли, Б. Майлин ауданы.
2-орын — Токтар Шынгыс, Амангелді ауданы.
3-орын — Исляев Амир, Қарабалық ауданы.
3-орын — Ермағанбет Нұрхадис, Жангелдин ауданы.

55 кг салмақ дәрежесі

1-орын — Қалдыбек Бақнур, Науырзым ауданы.
2-орын — Ярошевич Кирилл, Жітіқара ауданы.
3-орын — Багиров Эльман, Б. Майлин ауданы.
3-орын — Абаев Есдаур, Амангелді ауданы.

58 кг салмақ дәрежесі

1-орын — Аутенов Галымжан, Денисов ауданы.
2-орын — Агдавлетов Бекжан, Қарабалық ауданы.
3-орын — Канатұлы Мадияр, Жангелдин ауданы.
3-орын — Қарғабаев Дамир, Науырзым ауданы.

61 кг салмақ дәрежесі

1-орын — Жайылған Рауан, Б. Майлин ауданы.
2-орын — Соболев Никита, Денисов ауданы.
3-орын — Валиев Саян, Қарабалық ауданы.
3-орын — Каскырбай Ерсайын, Науырзым ауданы.

 

 

07 октября 2026
Тобыл қаласында бес елден келген 300-ден астам жас балуан бас қосты

Тобыл қаласы спорттық күрестің болашақ жұлдыздарының басын қосқан орталыққа айналды. Мұнда белгілі спорт ардагері Өтебек Мырзахметұлы Бекбосыновтың жүлдесіне арналған 2010–2012 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы дәстүрлі республикалық турнир басталды.

Жарысқа бірден бес мемлекеттің — Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстанның намысын қорғайтын 300-ден астам дарынды спортшы қатысуда. Жас балуандар боз кілемде ымырасыз күрес, жеңіске деген жігер мен жоғары дайындық деңгейін көрсетіп жатыр.

Тартысты белдесулер 8 қазанды қоса алғанға дейін жалғасады. Алда көрермендер мен жарыс қатысушыларын финалдық белдесулер мен жаңа чемпиондардың есімдері күтіп тұр!

Жоғары дәрежелі спорт
07 октября 2026
Азия чемпионатының бес медалі — қостанайлық спортшылардың еншісінде!

Қостанай облысының спортшылары тарихи спорттық додада өздерін жарқын қырынан танытты. 2026 жылғы 3-7 қазан аралығында Таиландтағы Кэнгкрачан ұлттық саябағында алғаш рет шаңғы роллерінен FIS Азия чемпионаты өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз әртүрлі деңгейдегі бес жүлдеге ие болды.

Наиль Башмаков — ерлер арасында еркін стильдегі 12,5 шақырымдық жеке жарыста алтын медаль жеңіп алды.

Ратмир Югай — 200 метр қашықтықтағы суперспринтте сенімді жеңіске жетіп, алтын жүлдені иеленді.

Дарья Ковалёва — жан-жақтылығы мен жоғары төзімділігін көрсетіп, жүлделердің толық жиынтығын еншіледі: 15 шақырымдық классикалық масс-стартта күміс, 12,5 шақырымдық еркін стильдегі жеке жарыста қола және 200 метрлік суперспринтте қола медаль.

Бұл жеңіс қостанайлық қысқы спорт түрлері мектебінің халықаралық аренадағы жоғары деңгейдегі дайындығының айқын дәлелі болды.

Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын құрлықтық біріншіліктегі тарихи жетістіктерімен құттықтаймыз

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы