«Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы»
Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 503 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2- тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 503 қаулысының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10100-10 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Ақсақалов