Ай сайынғы ақшалай
қаражатты төлеу жөніндегі
комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 11 тамыздағы «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай үстемақы төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» № 159 бұйрығына, Басқарма Ережелеріне, Төлемдер бойынша Ережелерге сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) Коспанов Бахтияр Сәбитұлы - Басқарма басшысының орынбасары, Комиссия төрағасы;
2) Мұхамеджан Ислам Алматұлы - бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
3) Сабиржан Бауыржан – әкімшілік бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
4) Сухачева Наталья Ивановна - спорт бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
5) Үмбетов Дәулет Мұқатайұлы - Қостанай қаласының № 24 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру оқытушысы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, комиссия мүшесі;
6) Жампеисова Мақпал Кадрханқызы - қаржы-экономикалық бөлімнің басшысы, комиссия хатшысы.
Басшының м.а. Б. Коспанов