2025 жылғы кезеңде Қостанай облысындағы қысқы спорт түрлерін дамыту туралы есеп.

2025 жылғы 7 қысқы спорт түрі: биатлон, керлинг, коньки тебу спорты, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және шайбалы хоккей дамытылады, 2024 жылға қарағанда дамытылатын спорт түрлерінің саны өзгерген жоқ (2023 жылы - 7 спорт түрі, 2022 жылы - 6 спорт түрі).

Қысқы спорт түрлерімен айналысатындар саны 2025 жылы 259 адамға артып, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11794 адамды құрады - 102,2% (2024 жылы - 11535 адам, 2023 жылы - 11829 адам, 2022 жылы - 11606 адам, 2021 жылы - 9175 адам, 2020 жылы - 8749 адам, 2019 жылы - 8543 адам) ауылдық жерлерде де шұғылданушылар саны 180 адамға артып, 6920 адамды құрады немесе 2024 жылғы деңгейге 102,7% (2024 жылы - 6740 адам, 2023 жылы - 7409 адам, 2022 жылы - 7409 адам, 2021 жылы - 6192 адам, 2020 жылы - 6019 адам, 2019 жылы - 5936 адам).

2025 жылғы кезеңде Қостанай облысындағы қысқы спорт түрлерін дамыту туралы есеп.
Дата публикации
19 января 2026