2025 жылғы кезеңде Қостанай облысында олимпиадалық спорт түрлерінің дамуы туралы есеп-талдау

Қазіргі уақытта спорттың 38 түрі, оның ішінде 7 қысқы спорт түрі дамытылуда, дамытылып жатқан спорт түрлерінің саны 2024 жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ.

Жыл бойы облыста олимпиадалық спорт түрлері бойынша 132 жаңа спорт секциясын ұйымдастыру үшін шаралар қабылданды, оның ішінде ауылдық жерлерде 26 жаңа секция ұйымдастырылды.

Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту мақсатында 8902 спорт секциясының (2024 жылы - 8770 секция, 2023 жылы - 8867 секция, 2022 жылы - 8602 секция, 2021 жылы - 5315 секция), оның ішінде ауылда 3730 секция (2024 жылы - 3704 секция, 2023 жылы - 3713 секция, 2022 жылы - 3174 секция, 2021 жылы - 3174 секция) жұмысы ұйымдастырылды.

2025 жылы жаңа секциялардың неғұрлым көп саны баскетболдан 3х3 -25 секция, футболдан - 21, шаңғы жарысынан - 15, дзюдодан - 13, велоспорттан және оқ атудан - 10, гандболдан - 9, коньки тебу спортынан және шорт-тректен - 6 ұйымдастырылды.

Дата публикации
19 января 2026