2025 жыл кезеңінде Қостанай облысының спорт құрылыстары желісін дамыту туралы ЕСЕП-ТАЛДАУ
2025 жыл кезеңінде Спорт ғимараттарын түгендеу кезінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға бағытталған спорт ғимараттары желісін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді.
2023 жылғы түгендеу барысында 481 нысанның болуы расталмады, оның ішінде, стадион - 5 бірлік, спорт ғимараттары кешені - 2 бірлік, спорт кешендері - 1 бірлік, шаңғы базалары - 6 бірлік, жазықтық ғимараттар - 317 бірлік, теннис корттары - 9 бірлік, атыс алаңдары - 1 бірлік, тирлер - 51 бірлік, ипподромдар - 2 бірлік, жүзу бассейндері - 5 бірлік, спорт залдары - 21 бірлік, тренажер залдары - 41 бірлік және хоккей корттары - 20 бірлік.
Ағымдағы жылы ұсынылған есептерге сәйкес спорт объектілерінің саны 1428 бірлікті немесе 2024 жылғы деңгейге 102,78% -ды құрады (2024 жылы - 1389 бірлік).
Спорт ғимараттарының жалпы санының 1218 объектісі коммуналдық меншікте немесе 87,9% (2024 жылы - 87,6%, 2023 жылы - 87,1%, 2022 жылы - 86,8%), оның ішінде білім беру мекемелерінде 649 объекті, спорт мектептерінде - 71 объекті, жергілікті атқарушы органдардың балансында - 536 объекті бар.
1428 объектінің 808-і немесе 56,5% (2024 жылы - 57,1%, 2023 жылы - 58,0%, 2022 жылы - 64,5%, 2021 жылы - 64,9%) ауылдық жерлерде орналасқан.
172 объект жеке меншікте немесе барлық спорт объектілері санының 12,0% -ы (2024 жылы - 12,3%, 2023 жылы - 12,8%, 2022 жылы - 13,2%).