Төлемдер туралы бұйрықтарды және
ай сайынғы ақшалай үстемақыны төлеу туралы
келісімдерді жарамсыз деп тану туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» №252 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Басшының 2018 жылғы 16 қаңтардағы «Спортшыларды ай сайынғы ақшалай қамту туралы» №32 және 2023 жылғы 12 сәуірдегі «2018 жылғы 16 қаңтардағы №32 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №370 бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.
- 2025 жылғы қаңтардан бастап 2025 жылғы желтоқсанға дейін спортшылар мен жаттықтырушыларға төленетін ай сайынғы ақшалай үстемақы төлеу туралы шарттардың, сондай-ақ 2025 жылғы 1 сәуірде жасалған шарттарға қосымша келісімдердің күші жойылды деп танылсын.
- Қаржы-экономикалық бөлімі, бұқаралық спортты дамыту бөлімі, спорт бөлімі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 11 тамыздағы "Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға ай сайынғы ақшалай үстемақы төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" №159 бұйрығына сәйкес, спортшыларға және олардың жаттықтырушыларына жазғы және қысқы спорт түрлері бойынша 2025 жылға арналған ай сайынғы төлемдер бойынша есеп айырысуды жүргізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басшы Д. Советханұлы