«Онлайн бюджеттік мониторинг»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе отырып, «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінде мониторинг жүргізу барысында Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «№3 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-не 150 763 теңге мөлшерінде жалақы түріндегі артық аударылған қаражатты анықтады. Бұл қаржы кейіннен толығымен бюджетке қайтарылды. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мен «Қостанай облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті» ММ арасында дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінен тәуекелді төлемдер туралы хабарламалар келіп түсу барысында одан әрі ынтымақтастық күн сайын жүзеге асырылатын болады.