Қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Өтетін күні: 2-4 маусым 2025 жыл
Өтетін уақыты: салтанатты ашылу рәсімі 2 маусым, 16:00-де
Өтетін орны: Қостанай қаласы, Герасимов көш., 1, «Қостанай» спорттық ойын-сауық кешені
2025 жылғы 2-4 маусым аралығында Қостанай қаласы Герасимов көш., 1, «Қостанай» спорттық ойын-сауық кешенінде қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтеді. Чемпионат ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Qazaq kuresi» Ассоциациясы бекіткен ресми ережелерге сәйкес ұйымдастырылады. Жарысқа барлық облыстардан, республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 450-ден астам мықты спортшылар бақ сынайды.
Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын және БАҚ өкілдерін, барша спорт сүйер қауымды ауқымды жарыстың көрермені болуға шақырады.