Ауыл чемпиондардың мекені болған кезде…
Бір уақыттарда ауылдар картаның тыныш бұрыштары болып саналды, ал бүгінде спорттық жеңістердің биік нүктелері. Қостанай облысында ауыл спорты рекордтар жаңартып, халықаралық деңгейдегі чемпиондарды тәрбиелеп отыр!
Өзіңіз ойланыңыз, аймақтың 1389 спорт нысандарының 795-і ауылдарда орналасқан. Бұлар жай ғана мектеп спорт залдары емес, заман талабына сай кешендер, хоккей корттары, шаңғы базалары және спорттық өмір күн сайын қайнап жатқан атыс алаңдары.
2024 жылы ауыл жылдам көрсеткішпен алға шықты: Қарабалық және Әулиекөл аудандарында кең, жарқын, барлығына қолжетімді жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Мұнда оқушылар мен зейнеткерлер, әуесқойлар мен болашақ спорт жұлдыздары жаттығады.
Жұлдыздар қазірдің өзінде жанып тұр!
- Қостанай ауданынан Лаура Альмагамбетова-еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері.
- Әулиекөлден Алексей Чуркин-ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
- Дастан Жұмашев-грек-рим күресінен ҚР жүлдегері.
- Надежда Рябец-бокстан Қазақстан чемпионы.
- Мария Шох-Түркиядағы халықаралық турнирде қола жүлдегер атанған.
Жеңістер тек сәттіліктіктің көрінісі емес, жүйелі жұмыстың нәтижесі. Спорт залдарды жөндеу, керек құрал-жабдықтарды сатып алу, жаттықтырушыларды даярлау, жаңа секциялар ашу және балаларды спортқа тартудың арқасында қол жеткізген жұмыстың жемісі. Қарқынды нәтижеге қол жеткізу үшін мектептер, ата — аналар, жергілікті билік және мемлекет бір командада жұмыс атқарады.
Ауылдарда спортты дамыту – ұлт денсаулығы, жаман әдеттерге балама және жастар үшін шынайы өмір мектебі. Сонымен, алда одан да көп жеңістер бар. Себебі қазір Қазақстанда олар дәл біледі: орталықтан неғұрлым алыс болса-тұғырға жақынырақ!