Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ сыртқы талдау жүргізу кезінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Спорт және сенімгерлік басқару саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасын іске асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасын іске асыру кезіндегі тәуекелдер;
- мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге байланысты тәуекелдер.
Оқу процестерін ұйымдастырудағы тәуекелдер:
- оқу-жаттығу жиындарына шығуды қаржыландыру;
- жаттығу сабақтарын жалған өткізу;
- бейінді ұйымдар арқылы және мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы арқылы балалардың сабақтарын қосарланған қаржыландыру.
Басқарманың және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін ұйымдастыру кезіндегі тәуекелдер:
- Басқармада бухгалтерлік есепті ұйымдастыру кезіндегі тәуекелдер;
- штаттық қызметкерлер санын көбейту кезіндегі тәуекелдер;
- құжаттарды қолдан жасаумен және жаттықтырушылардың дұрыс білім алмауымен байланысты тәуекелдер;
- жаттықтырушыларға негізсіз қосымша ақы төлеу тәуекелдері;
- корпоративтік карталарды пайдалануға байланысты тәуекелдер;
- Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тұлғалардың үлестес болуына байланысты тәуекелдер.