"Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 мамырда № 20784 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кіретін мемлекеттік қызметті көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына (портал арқылы қызмет көрсетуді ескере отырып), Мемлекеттік корпорациясы, Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы тізбенің 8-тармағына сәйкес қолданылу мерзімі өткен құжаттар топтамасын және (немесе) құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуының қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуді төлеу жөніндегі белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды және спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы материалдық қамтамасыз етуді төлеу туралы шешім қабылдайды.
Қабылданған шешім негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға материалдық қамтамасыз етуді төлеу туралы бұйрықты бекітеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға материалдық қамтамасыз етудің төленгені туралы хабарлама жібереді.
Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы материалдық қамтамасыз етуді төлеуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша ескертулерді жойылған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қарайды, жойылмаған кезде - көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тартуды жібереді.
Оң шешім болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға материалдық қамтамасыз етуді төлеу туралы бұйрықты бекітеді, теріс шешім болған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Материалдық қамсыздандыруды төлеу Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі көрсетілетін қызметті алушының жеке шотына ай сайын ақшалай қаражатты аудару арқылы жүргізіледі.
Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
Спортшылар мен |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлгігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
||
|
2. |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
||
|
3. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні. Құжаттар топтамасын тапсыруға арналған ең жоғары шекті уақыты – 30 (отыз) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге арналған ең жоғары шекті уақыты – 30 (отыз) минут. |
||
|
4. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
||
|
5. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті алушыға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама. |
||
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Жеке тұлғаларға тегін. |
||
|
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін. Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі немесе портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады. Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/entities/msm "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
||
|
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: спортшы үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат немесе көрсетілетін қызметті алушының өкілі (сенім білдірілген өкіл) жүгінген кезде – жеке тұлғаның (сенім білдірушінің) нотариуспен куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін); 2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 3) Қазақстан Республикасының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, немесе төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені: тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты; еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер; жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер; жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама; 4) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі; жаттықтырушы үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат немесе көрсетілетін қызметті алушының өкілі (сенім білдірілген өкіл) жүгінген кезде – жеке тұлғаның (сенім білдірушінің) нотариуспен куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін); 2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 3) Қазақстан Республикасының аумағында жаттықтырушылық жұмысының жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, не төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені: тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты; еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер; жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер; жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама; 4) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда – Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінен немесе спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік аккредиттелген спорт федерациясынан) анықтама; 5) өзі жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі; порталға: спортшы үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; 2) электрондық құжат нысанындағы, Қазақстан Республикасының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, не төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені: электрондық құжат нысанындағы тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты; электрондық құжат нысанындағы еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер; электрондық құжат нысанындағы жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер; электрондық құжат нысанындағы жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); электрондық құжат нысанындағы жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама; 3) электрондық құжат нысанындағы Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі; жаттықтырушы үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; 2) электрондық құжат нысанындағы Қазақстан Республикасының аумағында жаттықтырушылық жұмысының жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, не төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені: электрондық құжат нысанындағы тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты; электрондық құжат нысанындағы еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер; электрондық құжат нысанындағы жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер; электрондық құжат нысанындағы жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); электрондық құжат нысанындағы жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама; 3) электрондық құжат нысанындағы Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда – Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінен, немесе спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік аккредиттелген спорт федерациясынан) анықтама; 4) электрондық құжат нысанындағы өзі жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі. |
||
|
9. |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады; 6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы. |
||
|
10. |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы. Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады. |
||
|
|
"Спортшылар мен |
|
||
|
|
Нысан |
|
||
|
|
Кiмге ___________________ |
|
||
Өтініш
Сізден маған өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету төлемдері тағайындау мәселесін
__________________________________________________________________
өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
(жаттықтырушы үшін: дайындықпен спортшының тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда);спортшы / жаттықтырушы үшін: спортшының жетістігі (спорт түрі бойынша
бос емес орын), спорттық іс-шараның атауы (қала, ел, өткізілген жылы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
қарастыруыңызды сұраймын.
Банк деректемелері:
Банктің атауы________________
Банкт шотыының №________________________________
Шот түрі ағымдағы___________________________
"Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық
қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесінің 8-тармақта көзделген заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса беремiн:
_______________________________________ ____________
(тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
20____жылғы "_____" ____________
Өтiнiштiң түскен күнi 20____жылғы "_____"
_________________________________________________ __________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (қолы)
(болған жағдайда)
|
|
Спортшылар мен |
Нысан
|
|
___________________________ |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға
арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік
қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының № ___________
бөлімі ____________
___________________________________________________________________
(заңды мекенжайы көрсетілсін)
Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің
8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбағаныңызға
байланысты Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы
материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге
құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда құжаттардың қолданылу
мерзімі өтіп кеткен және (немесе) жоқ құжаттардың атауы:
1)____________________________________________________________;
2)____________________________________________________________;
3)____________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:
______________________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы:___________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Байланыс телефонының нөмірі ____________________
Алдым:__________________________________________ _____________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) (қолы)
20__ жылғы "___"_________
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК