Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдар арасында спорт түрлері бойынша секциялар ұйымдастыру және өткізу қызметтері

 Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдар арасында спорт түрлері бойынша секциялар ұйымдастыру және өткізу қызметтері

 

Жобаның мақсаты: үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру, Қостанай облысының азаматтық бастамаларын дамытуға жәрдемдесу. Мүмкіндіктері шектеулі халықты дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту. Мүгедектігі бар адамдардың спорт сабақтарына қолжетімділігі.

Жобалау кезеңі: 2025 жылғы сәуір-желтоқсан.

Қызмет көрсету мерзімі: шарт қазынашылық органдарында тіркелген күннен бастап 31.12.2025ж. дейін.

Нысаналы топтар, қамту: Қостанай облысының мүмкіндігі шектеулі тұрғындары;

Бенефициарлар саны - ай сайын кемінде 100 адам (қажет болған жағдайда мүгедектігі бар әрбір адамға ілесіп жүруші болады).

Жобалық аумақ: Қостанай облысы;                                                      

        Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты есебінен көрсетілетін барлық қызметтер, жобалау кезеңі ішінде Тапсырыс берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің сыртқы мониторингіне жатады.

Барлық іс-шаралар мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) жоба шеңберінде өткізілетін барлық іс-шараларды БАҚ-та және/немесе әлеуметтік желілерде жария ету;

2) Мәлімделген жобалық аумақта мүгедектігі бар адамдарды барынша қамту үшін әртүрлі жерлерде орналасқан кемінде 10 секция (10 топ) ұйымдастыру.

3) Әр спорт секциясын аптасына 2 реттен кем емес өткізіп, сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан кем болмауы керек.

4) Әрбiр спорт секциясы (тобы) спорт түрi элементтерiнiң ерекшелiгiне сәйкес нұсқаушымен және тиiстi спорттық мүкәммалмен қамтамасыз етiлуi тиiс.

5)  Сәуір-желтоқсан айлар кезеңі ішінде 600 сағаттан кем емес секциялық жұмыс жүргізу қажет.

6) Кедергісіз ортаның талаптарына сәйкес келетін, сабақтарды ұйымдастыру үшін бейімделген спорт ғимараттары мен спорт залдары ұсынылуы тиіс;

6.1. Бейімделген пандустық шығулардың, бейімделген кіру топтарының, баспалдақтардың, ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, қызмет көрсету аймақтарының, санитариялық-гигиеналық бөлмелердің және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін іргелес аумақтардың болуы.

6.2. Бөлек душ бөлмелері, санитарлық тораптар (ерлер және әйелдер).

6.3. Сабақ өткізуге арналған ені кемінде 10 метр, ұзындығы кемінде 25 метр және тереңдігі кемінде 120 см бассейн.

   

Жоба шеңберіндегі барлық іс-шаралары ҚР Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес келуі тиіс.

 

№

Мазмұны

Нысаналы көрсеткіштері

1.

Аумақтық қамту

Қостанай облысы

2.

Спорт сабақтарын өткізу

Тоғызқұмалақ, футзал, дойбы, шаңғы жарыстары, дзюдо, конькимен жүгіру спорты, үстел теннисі, бадминтон, жүзу, жеңіл атлетика элементтері бар бейімделген спорт бойынша кемінде 10 спорттық секция (топ) ұйымдастыру және өткізу.

3.

Іс-шараға қатысушылардың тізімін ұсыну

Мүгедектігі туралы растайтын құжаттарымен 100-ден кем емес мүгедек балалар мен жас адамдар.

 

Жеткізушіге қойылатын талаптар

     Шарт жасасқаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде сабақ өткізу орны мен уақытын көрсете отырып (аптасына кемінде 2 рет сабақ кестесімен), секциялық жұмыс кестесін ұсыну, 100 адамнан кем емес мүгедектігі туралы растайтын құжаттары бар балалардың тізімі, жоғарыда көрсетілген спорт түрлерімен айналысуға арналған спорт ғимараттарымен қолданыстағы шарттардың болуы, сондай-ақ жаттықтырушылармен (жоғары немесе орта арнайы дене шынықтыру білімі) және медицина қызметкерімен еңбек шарттарының болуы.

 

  1. Сабақтарды өткізуге қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы

 

  1. Еңбек ресурстары:

 

№

Еңбек ресурстарының атауы

(мамандығы/біліктілігі)

Саны

Талаптары

 

 

Білімі

1.

Жаттықтырушы-оқытушы

10

Біліктілікті арттыру курстарынан өту сертификатының болуы немесе мүгедектігі бар адамдармен жұмыс тәжірибесі бар жаттықтырушылар құрамының кемінде 50% -ы

Орта арнайы немесе жоғарғы дене шынықтыру білімі

2.

Медициналық қызметкер

1

Жұмыс өтілі кемінде бір жыл

Орта арнайы немесе жоғарғы білімі

 

 

Үйлестіру іс-шаралары

Аралық есеп: ай сайын әр айдың 05-не дейін нысан бойынша есеп (секцияға қатысушылардың аты-жөнін, байланыс телефонын, ЖСН, мүгедектік тобын, қатысушының немесе сенім білдірілген адамның қолын көрсете отырып, келуін есепке алу тізімі), фото және бейне, атқарылған жұмыс туралы электрондық материалдар ұсынылсын. Оқу-жаттықтыру сабақтарының жоспарлары.

         Қорытынды шығармашылық есеп: Тікелей көрсетілген қызметтер актісіне қол қою алдында Тапсырыс беруші бекіткен нысан бойынша қорытынды есеп беру. Есеп мыналарды қамтуы тиіс:

  1. Аты-жөні, байланыс телефоны, ЖСН, мүгедектік тобы көрсетілген мүгедектігі бар адамдардың тізімі, қатысушының немесе сенім білдірілген адамның қолы), фото және бейне, атқарылған жұмыс туралы электрондық материалдар. Оқу-жаттықтыру сабақтарының жоспарлары

 

 

 

Дата публикации
28 марта 2025