2025 жылғы 10 ақпан № 126
«Спорт саласындағы қоғамдық
бірлестіктерді аккредиттеу
мерзімін тоқтата тұру туралы»
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасының және 4-тармағы 2-тармақшасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №121 бұйрығымен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларының 29-тармағы 4-тармақшасының талаптарын бұзуда көрсетілген жергілікті спорт федерацияларының әрекетсіздігіне байланысты, БҰЙЫРАМЫН:
1.1. «Қостанай облысы спорттық би федерациясы» қоғамдық бірлестігі, БСН 980840004419, спорттық билерді дамыту құқығына 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 009 куәлік;
1.2. «Әскери-спорттық клубтарының федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстының филиалы, БИН160441000050, әскери-қолданбалы спортты дамыту құқығына 2016 жылғы 25 сәуірдегі №057 куәлік;
1.3. «Кёкусин-кан каратэ-до Қостанай облыстық федерациясы» қоғамдық бірлестігі, БСН 090840015499, кёкусин-кан каратэ-доны дамыту құқығына 2017 жылғы 7 маусымдағы No 065 куәлік;
1.4. «Каратэ-до облыстық федерациясы (WKF) және жауынгерлік шеберлігі академиясы» қоғамдық бірлестігі, БСН 011140018387;
1.5. «Қостанай облысының киберспорт федерациясы» қоғамдық бірлестігі, БСН 210640037251, киберспортты дамыту құқығына 2021 жылғы 18 тамыздағы № 088 куәлік;
1.6. «Қостанай облысы бойынша Зендокай Будо Каратэ-до федерациясы» қоғамдық бірлестігі, БСН 230440029801, 2023 жылғы 17 мамырдағы № 098 Зендокай будо каратэ-доны дамыту құқығына куәлік;
1.7. «Қостанай облысының эстетикалық топтық гимнастика федерациясы» қоғамдық бірлестігі, БСН 230540031103, эстетикалық топтық гимнастиканы дамыту құқығына 2023 жылғы 3 тамыздағы № 103 куәлік;
1.8. «Қостанай облысының GAMMA ММА федерациясы» қоғамдық бірлестігі, БСН 230540031103, 2023 жылғы 21 маусымдағы № 101 аралас жекпе-жек GAMMA MMA Global Association of Mixed Martiаl Arts жаһандық қауымдастығын дамыту құқығына куәлік;
1.9. «Ушу федерациясы 2023» қоғамдық бірлестігі, БСН 230640006851, 2023 жылғы 8 тамыздағы № 106 ушу өнерін дамыту құқығына куәлік;
1.10. «Қостанай облысы Каратэ КикушинРю Альянсы» қоғамдық бірлестігі, БСН 231040019139, 2024 жылғы 15 қаңтардағы №112 каратэ-кикушинрюді дамыту құқығына куәлік;
1.11. «Шоудаун Федерациясы» Қостанай облысы бойынша мүгедектер республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы бойынша филиалы, БСН 220941014796, 2024 жылғы 28 маусымдағы № 116 шоудаун дамыту құқығына куәлік.
Қостанай облысы әкімдігінің
дене шынықтыру және спорт
басқармасы басшысының м.а. Е. Киреева