Шілде 2025 ж.
КЕЙС 1: Өтініш – Баланы спорттық білім беру ұйымына қалай қабылдатуға болады?
Басқарманың ұстанымы: Баланы спорттық білім беру ұйымына қабылдату үшін өтінішті электрондық Mindal24 порталы арқылы (https://mindal24.kz/kz), сондай-ақ WhatsApp мессенджері және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы жіберу қажет.
Тамыз 2025 ж.
КЕЙС 2: Қоғамдық бірлестіктің жергілікті спорт федерациясын аккредиттеу мәселесі бойынша өтініші
Басқарманың ұстанымы: «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметін алу үшін қызмет алушылар жергілікті атқарушы органдарға «электрондық үкімет» порталы (www.egov.kz) арқылы жүгінеді.
Қыркүйек 2025 ж.
КЕЙС 3: Өтініш – Мүгедектігі бар адамдар спортпен қай жерде айналыса алады?
Басқарманың ұстанымы: Мүгедектігі бар адамдар спортпен басқармаға қарасты ұйым – Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 83 мекенжайында орналасқан «Мүгедектер спорт клубы» КММ-де айналыса алады.