Қостанай облысында 2023 жыл кезеңіне мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру бойынша дайындық жұмыстары

Мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес 2023 жылға арналған тегін балалар секцияларының бағдарламасын қаржыландыру қажеттілігі есептелді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде ашылған спорт секцияларына бару үшін 6002 Ваучер жандандырылды.

Бағдарламаны толық көлемде қаржыландыру үшін 1130,0 млн. теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді.

Бекітілген қаржыландыру көлемі 2022 жылғы желтоқсанда Қостанай облыстық мәслихатының сессиясымен бекітілгеннен кейін орналастырылатын болады.

Дата публикации
10 ноября 2022