«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

Әкімдіктің
2017 жылғы «2» мамырдағы
№ «226» қаулысымен
бекітілген

«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі1,2-қосымшаларында көрсетілген мынадай ведомстволары бар.

3. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осыЕрежеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 83.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін белгіленеді.

12. Осы Ереже «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

13. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекеменің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

14. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

15. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік басқаруды және салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.

16. Міндеттері:

1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.

4) спорттық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдана отырып, дамыту.

17. Функциялары:

1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

2) спорт түрлері бойынша облыстық жарыстарды өткізеді, сондай-ақ спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге, сондай-ақ жергілікті аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спортшы-мүгедектер арасында, оның ішінде ұлттық,техникалық және қолданбалы, бұқаралық спорт бойынша жарыстарға қатысады;

3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларын даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

4) облыс аумағында бұқаралық спортты және мүгедектер арасындаы және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

6) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

8) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

9) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

10) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

11) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

12) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

13) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

14) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

15) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

16) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

17) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелері беріледі;

18) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

19) Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамына кіретін (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалары), спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін (ұлттық құрама командалары) спортшыларға ай сайын ақшалай үлес төлеуін әзірлейді және бекітеді;

20) дене шынықтыру мен спорт саласындағы басым спорт түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және уәкілетті органның келісуі бойынша бекітеді;

21) өз құзыреті шегінде «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

18. Құқықтары мен міндеттері:

1) белгіленген заңнамалық тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде соттарда қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктеме беру;

3) «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға болады ;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

20. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

21. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

22. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының мынадай өкілеттіктері бар:

1) заңнамаға сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады;

2) «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;

4) осы Ереженің 1,2-қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, заңнамада белгіленген тәртіппен олармен еңбек шарттар жасайды;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне және осы Ереженің 1,2 қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындардың басшыларына тәртіптік жазалар қолданады;

6) мемлекеттік мекеме қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді және бұйрықтар шығарады;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемені мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда білдіреді;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

23. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

_____________________________________

«Қостанай облысы әкімдігінің

дене шынықтыру және спорт

басқармасы» мемлекеттік

мекемесі туралы ережеге

1-қосымша

«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

 

1. Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2. Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервті даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

3. Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерві мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

4. Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қостанай қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

5. Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Лисаков қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

6. Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қадырбек Оспанов атындағы № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

7. Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

8. Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүгедектер спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

_____________________________

«Қостанай облысы әкімдігінің

дене шынықтыру және спорт

басқармасы» мемлекеттік

мекемесі туралы ережеге

2-қосымша

«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі

1. «Тобол» футбол клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

________________________________

«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата публикации
07 мая 2020