Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) иесi бүркемеленген жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір және ұсыныс – иесін анықтау мүмкін емес және (немесе) арыз иесінің қойылған қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы жоқ жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс;
2) жолданымның, хабарламаның, сұрау салудың, пікірдің, ұсыныстың телнұсқасы (бұдан әрі – телнұсқа) – алдыңғы жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір мен ұсыныстың көшірмесі не түпнұсқасымен бірдей мәтіні мен заңды күші бар, бір мәселе бойынша және сол бір адамның мүддесі үшін жолданымның, хабарламаның, сұрау салудың, пікірдің және ұсыныстың данасы;
3) жолданымдарды есепке алу – жолданымдарды, хабарламаларды, сұрау салуларды, пікірлерді және ұсыныстарды қабылдау, тіркеу және қарау бойынша мәліметтерді бекіту және оларды мемлекеттік құқықтық статистиканы көрсету;
4) субъект – өз құзыреттеріне сәйкес жолданымдарды, хабарламаларды, пікірлерды, пікірлерді және ұсыныстарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайтын заңды тұлғалар;
4-1) тег – жолданымның, хабарламаның, сұрау салудың, пікірдің, ұсыныстың қысқаша мәнін сипаттайтын және кілт сөздер болып табылатын бір немесе бірнеше сөздер және (немесе) сөз тіркестері;
5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, оның аумақтық және оған теңестірілген органдары;
6) ұжымдық жолданым – екі және одан да көп жеке немесе заңды тұлғалардың бір мәселе бойынша сол бір адамдардың мүдделерін білдіретін жолданымы, хабарламасы, сұрау салуы, пікірі, ұсынысы;
7) электрондық ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі – есепке алу карточкасы) – мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректері қалыптасатын құқықтық статистикалық ақпарат тасымалдағышы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 05.12.2023 № 217 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Тіркеу, есепке алу тәртібі
Жолданымды, хабарламаны, сұрау салуды, пікірді және ұсынысты қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.
Ауызша жолданымдарды, хабарламаларды, пікірлерды, пікірлерді және ұсыныстарды қабылдау және тіркеу өтініш беруші субъектіге тікелей жүгінген кезде жүзеге асырылады.
Жолданымдар, хабарламалар, сұрау салулар, пікірлер және ұсыныстар электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жалпы қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен кезде, олардың "Электрондық жолданымдар" АТЖ-да тіркелуі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсынысты тіркеу" ТЖ-1 нысанының (бұдан әрі – ТЖ-1 нысан) және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Арыз иесі" АИ-1 нысанының (бұдан әрі – АИ-1 нысаны) есепке алу карточкаларын автоматты түрде толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Жолданымдар, хабарламалар, сұрау салулар, пікірлер және ұсыныстар жазбаша (қағаз) немесе ауызша нысанда келіп түскенде, олардың "Электрондық жолданымдар" АТЖ-да тіркелуі ТЖ-1 және АИ-1 нысандарын толтыру арқылы жүргізіледі.
Жолданымды тіркегеннен кейін, оны редакциялайды және жолданымның, хабарламаның, сұрау салудың, пікірдің және ұсыныстың мәніне қарай тегтер енгізеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 05.12.2023 № 217 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) "ЖТ" - жеке тұлғадан;
2) "ЗТ" - заңды тұлғадан;
3) "АН" - иесі бүркемеленген жолданым, хабар, сұрау салу, пікір және ұсыныс;
4) "ҰЖ" - ұжымдық жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір, ұсыныс.
Талон бірегей нөмірден тұрады, онда бірінші жұппен тіркеген жылы, екінші жұппен – тіркеген айы, үшінші жұппен – тіркеген күні, келесі сегіз цифрымен - реттік нөмірі белгіленеді.
Жолданымда, хабарламада, сұрау салуда, пікірде және ұсыныста ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық адресі көрсетілмеген жағдайда, арыз иесіне талон жіберілмейді.
Осы жолданымдар, хабраламалар, пікірлер, пікірлер және ұсыныстар Кодекстің 65-бабының 2-бөлігіне сәйкес басқа субъектіге құзыреті бойынша жіберіледі.
Көрсетілген жолданымдар, хабарламалар, пікірлер, пікірлер және ұсыныстар бойынша талонды оларды мәні бойынша қарау үшін қабылдаған субъекті береді.
Жолданымдарды, хабарламалар, сұрау салулар, жауаптар мен ұсыныстар жазбаша (қағаз түрінде) немесе ауызша нысанда келіп түскен кезде оларды "Электрондық жолданымдар" АТЖ-да тіркеуді өтініш берушіге тікелей жауап беретін субъект жүзеге асырады, қалған субъектілер (бірлесіп орындаушылар) оларды "Қызметтік хат-хабарлар" автоматтандырылған базасында тіркейді.
Жолданымдардың, хабарламалардың, пікірлердың, пікірлердің және ұсыныстардың телнұсқалары осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес тіркелуге жатады және олар бойынша осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес шешімдер қабылданады.
1) бір субъектіден басқа субъектіге келіп түскен қызметтік құжаттар;
2) жоғары тұрған органның тапсырмалары мен нұсқаулары;
3) жарнама қамтылған ұсыныстар;
4) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша жолданымдар;
5) қарау тәртібі Кодекстің 3-бабының 4-бөлігімен және "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 9-тармағымен реттелетін жолданымдар, хабарламалар, сұрау салулар, пікірлер, ұсыныстар, өтінішхаттар есепке алуға жатпайды.
Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ға келіп түскен құжаттар ТЖ-2 нысанын толтыру жолымен басқа ақпараттық жүйелерге көшірілуге жатады.
Басқа ақпараттық жүйелерге көшіру келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қарау мерзімдері "Электрондық жолданымдар" АТЖ-да тіркелген күннен бастап есептеледі.
Басқа ақпараттық жүйелерге көшіруді жою шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 05.12.2023 № 217 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ТЖ-2 нысаны субъекті қабылдаған әр шешімге жеке толтырылады.
3-тарау. "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ны жүргізу тәртібі
Шағым Кодекстің 93-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес келуіне тексеруге жатады.
Бұл ретте, сәйкес келуіне тексеруді оларды қарау құзыретіне кіретін субъекті жүзеге асырады.
Кодекстің 91-бабы 4-бөлігіне сәйкес шағым әкімшілік актісі, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) шағымдалатын субъектіге беріледі.
Әкімшілік актісі, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) шағымдалатын субъекті шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) шағымдалатын субъекті үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актісін қабылдайтын, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекетті жүргізетін болса, шағымды шағым қаралатын органға жібермеуге құқылы.
Егер әкімшілік актісі, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) шағымдалатын субъекті шағымды шағым қаралатын органға жіберетін болса, онда Кодекстің 93-бабымен белгіленген талаптарына сәйкес келуіне тексеруді шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Тіркеу туралы шешімді құзыретіне оларды қарау кіретін субъект қабылдайды.
ТЖ-1 нысанында:
1, 2, 3, 5 деректемелері жолданымды, хабарлама, сұрау салу, пікірді және ұсынысты тіркелгеннен кейін автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде – қолмен) толтырылады;
9-деректеме 8 – деректемедегі мағынаға байланысты автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде-қолмен) толтырылады;
10-деректеме шағымды тіркеген субъектінің атауын бере отырып, автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде – қолмен) толтырылады;
13-деректеме жолданымдарды, хабарламаларды, сұрау салуларды, пікірлерді және ұсыныстарды қарау мерзіміне байланысты автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде – қолмен) толтырылады.
З-1 нысанында:
1, 2 деректемелер ТЖ-1 нысанынан деректерді жүктеу арқылы автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған кезде-қолмен) толтырылады;
3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26- деректемелер 4-деректемені толтырған және жеке және заңды тұлғалардың деректерін мемлекеттік деректер базасынан алған кезде автоматты түрде (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған жағдайда – қолмен) толтырылады;
12, 13, 14, 15, 16, 17, 18-деректемелер тексерілуге және жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір және ұсыныста көрсетілген пошта адресінде айырмашылықтар болған жағдайда сәйкес келтірілуге тиіс.
ТЖ-2 нысанында:
1, 2, 3-деректемелер ТЖ-1 нысанынан деректерді жүктеу арқылы автоматты түрде толтырылады;
4-деректемеде әрбір қабылданған шешімге жеке ТЖ-2 нысаны толтырылады.
Шешімді қабылдау күні болып автоматты түрде толтырылатын ТЖ-2 нысанын қою күні болып саналады
Бұл ретте, Кодекстің 73-бабы тәртібімен әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді жіберу туралы ілеспе хатында субъект арыз иесінің алдын ала шешімге қатысты ұстанымын алу үшін лауазымды жауапты адамдардың немесе жұмыскерлердің контактілерін (байланыс телефон нөмірлерін, электронды адрестерін) көрсетеді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 05.12.2023 № 217 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мәліметтерді редакциялау нысандардың деректемелерін өзгерту және (немесе) толықтыру, "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ға бұдан бұрын енгізілген нысанды жою арқылы жасалады.
"Орындау мерзімі", "жауаптың жіберілген күні", "қарау мерзімі ұзартылған" деген көрсеткіштерді редакциялауды және "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ға бұдан бұрын енгізілген нысанды жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, субъекті басшысының өтінішхаттары негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
Уәкілетті органда мәліметтерді редакциялауды орталық аппарата басшылық айқындаған жауапты қызметкер, аумақтық органда осы бағытқа жетекшілік ететін бөлім бастығы жүргізеді.
Субъектілердің мәліметтерді редакциялау, "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ға бұдан бұрын енгізілген нысанды жою туралы өтінішхатын уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Субъект мәліметтерді түзету, "Электрондық жолданымдар" АТЖ-да бұрын енгізілген нысанды жою туралы өтінішхатты уәкілетті органға есепті кезеңді жабудан бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. Көрсетілген мерзімді бұза отырып түскен өтінішхат келесі есепті кезеңде қаралады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 10.04.2023 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 05.12.2023 № 217 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-тарау. ТӨ-№1 нысанының есебін қалыптастыру тәртібі
ТӨ-№1 есебі электрондық нысанда уәкілетті органның орталық аппаратының автоматтандырылған режимінде қалыптастырылады.
ТӨ-№1 жиынтық есебі ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінде өсу нәтижесімен қалыптастырылады және оған Комитет төрағасы қол қояды.
Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс істемейтін күнге түссе (демалыс, мереке), онда мерзімнің соңғы күні деп одан кейінгі келесі бірінші жұмыс күні есептеледі.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 05.12.2023 № 217 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.