Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген және мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың қолдануы үшін міндетті.
Бірыңғай талаптардың 128-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер мен МО, ЖАО қызметкерлері ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында электрондық нысанда жедел ақпарат алмасуды жүзеге асыру үшін қызметтік міндеттерін атқару кезінде пайдаланады:
ведомстволық электрондық пошта, жедел хабарламалар қызметі және өзге де сервистер;
егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, басқару орталықтары мен серверлері Қазақстан Республикасының аумағында физикалық орналастырылған электрондық пошта, жедел хабарлар қызметі және өзге де сервистер;
шетелдік жеке және заңды тұлғалармен байланыс мақсатында қолжетімді бұлтты онлайн бейнеконференцбайланыс қызметтері.
Мо және ЖАО ведомстволық электрондық поштасының сыртқы электрондық пошта жүйелерімен өзара іс-қимылы тек бірыңғай электрондық пошта шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілер мен МО, ЖАО қызметкерлері Сыртқы контурдың жергілікті желісінен интернет-ресурстарға тек қана еркін бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылатын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен ЕҚБЖ жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес келетін веб-шолғышты пайдалана отырып, Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі (ЕҚБЖ) арқылы қол жеткізуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілер мен МО, ЖАО қызметкерлері интернет-ресурстарға қолжетімділікті дистрибутивінде Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының түбірлік куәландырушы орталығының алдын ала белгіленген тіркеу куәліктері бар интернет-шолғыш арқылы жүзеге асырады.
Осыған байланысты қолданыстағы заңнаманы және ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі саясатын сақтау, ҚР аумағынан тыс орналасқан пошта қызметтерін пайдалануға жол бермеу талап етіледі.