2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер қолданысқа енгізілетінін

2018 жылдың 1 шілдесіненбастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер қолданысқа енгізілетінін
 («Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 562,Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 18 маусымда № 17085болып тіркелгенбұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Бұйрық))

Қағидалардың тұжырымдамалық түзетулері:
бірінші, мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы рәсімделетін Консорциалдық келісімнің Үлгілік нысанын бекіту;
екінші, құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде жұмыс тәжірибесін есептеуді нақты регламенті;
үшінші, тапсырыс берушілердің міндетіне техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің ұлттық стандартын (бар болса) көрсетуді енгізу. Олар болмаған жағдайда мемлекет аралық стандарттарды көрсету.
төртінші, өнім берушілердің міндетіне тауарларды жеткізу және жұмыстарды орындау кезінде, оларға Тауардың шығарылғаны туралы сертификатты ұсынуды енгізу болып табылады.
Егер тауар Қазақстанда шығарылған болса, онда өнім беруші
СТ-КZ Сертификатын ұсынуға міндетті. Егер тауар импорттық өнім болса, онда шығарылған елдің тиісті уәкілетті органымен берілген, Тауардың шығарылғаны туралы сертификатты ұсынады.
Бұйрық және енгізілген өзгерістердің салыстармалы кестесі мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырылды.

Дата публикации
01 июля 2018