2018 жылғы үшінші тоқсандағы «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама

03 қазан 2018 жылы Қостанай қ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың объектісі «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ (одан әрі - Басқарма) қызметі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін 2018 жылғы 3 қазандағы № 127 басқарма басшысының бұйрығы негіз болды.
Жұмыс тобының басшысы болып басшының орынбасары Махмутова Мадина Акиловна тағайындалды.
Жұмыс тобының мүшелері болып құқықтық қамтамсыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Буйко Елена Викторовна,техникалық кадағалау бөлімінің бастығы Мустафина Менслу Капаровна, бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімінің басшысы Беленко Лидия Павловна тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізу мерзімі: 2018 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін.
Байқалатын кезең: 2018 жылдың 3-тоқсанындағы қызмет.
Басқарма қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау – бірінші бағыты
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден түскен қаражат есебінен инвестициялық жобаларды іске асыру барысында құрылыстың тапсырыс берушінің функциясын жүзеге асыру кезінде Басқарма (ММ Ережесінің 7-т. 1-тт.) құрылыс және инжинирингтік жұмыстарына тапсырыс беруші және ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді.
Конкурстық құжаттаманың 2-қосымшаға сәйкес «Конкурстық құжаттамаға (Тапсырыс берушіге) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің техникалық сипаттамасы» (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» бұйрығы) техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, оның ішінде қажетті спецификациялар, жоспарлар, сызбалар, эскиздер толық сипаттамасы беріледі.
Осылайша, конкурстар үшін техникалық спецификацияларды әзірлеу кезінде Басқарма Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерін ескереді.
Осылайша, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-1-бабының 8-тармағына сәйкес, жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезінде өлшеу және бақылау құралдары, нормативтік құжаттар және аккредиттелген зертхана (тартылған) иелену немесе жалдау құқығына ие болуы тиіс.
Бірақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығымен бекітілген Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат
беру талаптарына сәйкес аккредиттеуден өту және растау үшін өтініш иесі мынадай рұқсат беру талаптарына сәйкес келуі тиіс:
меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген зертхананың болуы;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының болуы;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы.
Осыдан, техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін (аккредитация туралы жарамды сертификаты бар) аккредиттелген ұйымдар жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алу туралы ережені бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізуді ұсынамыз (құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алумен ұқсас, материалдық және еңбек ресурстарының әлеуетті жеткізушісіне ие екендігін растайтын құжат тиісті рұқсат (лицензия)болып табылады), атап айтқанда:
Техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін инжинирингтік қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті жеткізушінің материалдық және еңбек ресурстарына иелігін растайтын құжат Қазақстан Республикасының рұқсат беру және хабарландыру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған тиісті рұқсат (аккредиттеу куәлігі) болып табылады.
Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау– екінші бағыты
1.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлар айналымы: ұызметшілердің жалпы штаттық саны - 28 бірлік.
1.2. Кадрлардың айналымы: басқармада 2018 жылғы 3 тоқсанда үш қызметкер өз лауазымынан босатылды.
1.3. 2018 жылғы 3 тоқсанда бос лауазымға орналасу үшін 1 жалпы конкурс өткізілді.
1.4. 2018 жылғы үшінші тоқсанында Басқарма қызметкерлерінің үшеуі, олардың біреуі қызметтік тергеп- тергеуден кейін, екеуі - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Қостанай облысы бойынша департаментінің ұсынымхаты бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған Басқарма қызметкерлері жоқ.
1.5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері: 2018 жылғы 3-тоқсанда Басқармада заңды және жеке тұлғалардың 21 өтініші қаралды.
1.6. Қызметкерлердің әрекеттеріне шағымдар келіп түскен жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІГІ
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Жұмыс тобы 2018 жылғы 3-тоқсанда ішкі талдау жүргізу барысында:
1. Мүдделер қақтығысы анықталмады.
2. Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері анықталмады.
3. Шілде-қыркүйек айларында заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер келіп түскен жоқ.
4. Рұқсат беру функциялары жоқ.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарында теріс жарияланымдар жоқ.
Қоғамдық маңызы бар ақпарат Басқарманың ресми сайтында үнемі жарияланады. Сенім телефон желісі жұмыс істейді.
Ұсыныс: Сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерін болдырмау үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қылмыс пен қылмыстың барлық түрлерінің көрсетілуіне төзімсіздік үшін үгіт-насихат саласындағы тұрақты негізде жұмыс істеу қажет.
Жұмыс тобының басшысы: ____________________ Махмутова М.А.
Жұмыс тобы: ____________________ Буйко Е.В.
____________________ Мустафина М.К.
____________________ Беленко Л.П.

Аналитикалық анықтама
Дата публикации
03 октября 2018