Тұрғын үй құрылысы.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыс бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 126 574 млн. теңге, НКИ-2021 жылдың сәйкес кезеңіне 108,3% теңгені құрады.
Сонымен қатар, облыстың сегіз өңірінде: Арқалық және Лисаковск қалаларында; Амангелді, Қостанай, Наурызым, Сарыкөл, Ұзынкөл және Федоров аудандарында құрылыс жұмыстарының көлемінің төмендеуі байқалды.
2022 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына инвестициялар 53 552 млн. теңгені немесе 2021 жылдың деңгейіне 119,7% құрады.
2022 жылға арналған тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарында – 450,5 мың шаршы метр, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында қаржыландырудың барлық көздері бойынша 343,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,7%. Пайдалануға 2 962 пәтер берілді, бұл былтырғы жылға қарағанда 132 пәтерге кем.
Оның ішінде: 265 жалға берілетін пәтер, ЖАО облигациялары арқылы ТҚЖБ желісі бойынша 195 кредиттік пәтер; 1 995 коммерциялық пәтер; 507 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.
Тұрғын үйдің ең көп көлемі Қостанай қаласында (68,8%) және Рудный қаласында (9,3%) және Қостанай ауданында (10,8%) енгізілді, олардың үлесіне енгізілген тұрғын үйдің барлық көлемінің 88,9% келеді.
2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тұрғын үйлердің жалпы алаңы 1 шаршы метр құрылысының орташа нақты құны 145,9 мың теңгені құрады. Ең жоғары құн Қостанай қаласында 175,7 мың теңге және Қарасу ауданында 173,9 мың теңге болды.
Сатып алу құқығынсыз әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй құрылысы.
Есепті кезеңде 4 жалға берілетін тұрғын , жалпы алаңы – 14,5 мың ш.м. пайдалануға берілді, оның ішінде:
- Қостанай қ. – 45 пәтерлі «Қонай» ш.а., жалпы алаңы 3,1 мың ш.м.;
- Рудный қ. – екі 60 пәтерлі тұрғын үй, жалпы алаңы 7,6 мың ш.м.;
- Жітіқара ауданында – көп пәтерлі тұрғын үйді реконструкциялау, жалпы алаңы 3,8 мың ш.м.;
Ағымдағы жылы жалпы алаңы 16,6 мың ш.м. болатын тағы 2 жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, оның ішінде:
- Қостанай қ. 120 пәтерлі тұрғын үй, жалпы алаңы 8,1 мың ш.м.;
- Лисаковск қ. 105 пәтерлі тұрғын үй, жалпы алаңы 8,5 мың ш.м.
ЖАО облигациялары арқылы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй салу.
Ағымдағы жылдың тоғыз айларында Қостанай қаласында жалпы ауданы 15,1 мың шаршы метр 195 пәтерлік 4 кредиттік тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:
- «Қонай» шағын ауданында жалпы ауданы 10,9 мың шаршы метр 135 пәтерлі 3 көп пәтерлі тұрғын үй;
- «Юбилейный» шағын ауданында жалпы алаңы 4,2 мың ш. м. 60 пәтерлі тұрғын үй.
Жыл соңына дейін облыста 432 пәтерлік жалпы ауданы 30,5 мың ш.м. 9 кредиттік үй құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, оның ішінде:
- 1 үй «Аэропорт» шағын ауданында, жалпы ауданы – 5,1 мың ш. м 72 пәтер;
- 6 үй «Береке» шағын ауданында, жалпы ауданы – 17,8 мың шаршы метр 240 пәтер;
– 2 үй Рудный қ., жалпы ауданы – 7,6 мың ш. м. 120 пәтер.
Коммерциялық және жеке тұрғын үй құрылысы.
2022 жылы коммерциялық және жеке құрылыс салушылар есебінен 331,4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
А.ж. есепті кезеңінде коммерциялық және жеке құрылыс салушылар есебінен 313,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл облыс бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің 91,4% - ын құрайды. Оның ішінде: 172,1 мың шаршы метр тұрғын үй (1 995 пәтер) коммерциялық құрылыс салушылармен берілді; 141,4 мың шаршы метр – ЖТҚ (507 үй).