Тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үй құрылысы.

Облыс бойынша 2020 жылы қаңтар-сәуір кезеңіндегі қорытындысы бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 17 967млн. теңге, НКИ 2019 жылғы сәйкес кезеңіне – 106,8%құрады.

Осы ретте, құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі облыстың төрт өңірінде: Қарасу ауданында 55,4% (-370 млн. теңге), Әулиекөл ауданында 9,6% (-2 797 млн.теңге) белгіленді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 айында Алтынсарин ауданында құрылыс жұмыстары жүргізілген жоқ.

2020 жылдың 4 айдың қорытындысы бойынша облыстың тұрғын үй құрылысына инвестициялар 12 180 млн. теңгені құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейден 152,3% есе жоғары.

2020 жылғы тұрғын үйді пайдалануға енгізу жоспары – 379,3 мың ш. м, ағымдағы жылы екі айында барлық қаржыландыру көздері бойынша 107,6 мың ш.м. пайдалануға берілді немесе 2019 жылғы деңгейіне 103,1%.

Сонымен бірге, Амангелді ауданында тұрғын үйді пайдалануға беру 63% -ға, Қарасу ауданында 68% -ға төмендеді.

2020 жылғы 4 айдағы жағдайы бойынша пайдалануға 1 119 пәтер қабылданды, өткен жылмен 25 пәтерге артық.

Оның ішінде тапсырған: 84 – жалдамалы пәтер; 234 – ЖАО облигациялар арқылы ТҚЖБ желісі бойынша кредиттік пәтер; 551- коммерциялық тұрғын үй; 250– жеке тұрғын үйлер.

Тұрғын үйдің ең үлкен көлемі Қостанай қаласында (61,4 %) және Қостанай ауданында (16,5%) олардың үлесіне барлық тапсырылған тұрғын үйден 77,9% жатады.

2020 жылғы төрт айдың қорытындысы бойынша 2019 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда облыс бойынша тұрғын ғимараттарының жалпы алаңынан 1 ш.м. құрылыстың орташа нақты құны 12,6% артты және 98,7 мың теңгені құрады. Ең жоғары құрылыс құны Федоров ауданында 139,8 мың теңгеде және Әулиекөл ауданында 127,1 мың теңгеге қалыптасты.

Сатып алу құқығынсыз әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй салу.

Биылғы жылы 84 пәтерге жалпы ауданы 5,2 мың шаршы метр болатын төрт жалға берілетін үйлердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Соның ішінде:

- Лисаковск қаласында жалпы ауданы 4,0 мың шаршы метр 60 пәтерлі тұрғын үй;

- Федоров ауданында жалпы алаңы 1,2 мың шаршы метр 24 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Одан басқа, ағымдағы жылы облыста сатып алу құқығынсыз, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалпы ауданы 35,3 мың шаршы метр 518 пәтерлі бес жалдамалы тұрғын үй салу жоспарлануда, оның ішінде:

- Юбилейный шағын ауданындағы жалпы ауданы 31,4 мың шаршы метр 468 пәтерлі 4 тұрғын үй;

- Рудный қаласындағы жалпы ауданы 3,9 мың шаршы метр 50 пәтерлі тұрғын үй.

ЖАО облигациялары арқылы тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы.

Ағымдағы жылы қаңтар айында «Юбилейный» шағын ауданында жалпы алаңы 16,4 мың ш.м., 234 пәтерлі екі көп пәтерлі №16 және №18 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін Қостанай қаласында жалпы алаңы 31,1 мың ш.м 444 пәтерлі 6 кредиттік тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, соның ішінде:

- 2 үй «Юбилейный» шағын ауданы, жалпы алаңы – 8,3 мың ш.м 120 пәтер;

- 4 үй «Әуежай» шағын ауданында, жалпы алаңы – 22,8 мың ш.м 324 пәтер.

Коммерциялық және жеке тұрғын үй құрылысы.

2020 жылы коммерциялық және жеке құрылыс салушылар есебінен 302,2 мың ш. м. тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған.

Ағымдағы жылы бірінші тоқсанында коммерциялық және жеке құрылыс салушылардың есебінен 86,0 мың ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді, ол облыс бойынша енгізілген тұрғын үйдің жалпы көлемінен 80% құрайды. Оның ішінде: 41,5 мың шаршы метр тұрғын үй (551 пәтер) – коммерциялық құрылыс салушылармен; 44,5 мың ш. м. – ЖТҚ (250 үй) енгізілді.

Дата публикации
14 мая 2020