«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейіноның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуынқамтамасыз етсін;
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов
Қостанай облысы әкімдігінің
2021жылғы «___» ________
№ ____ қаулысымен
бекітілген
«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе,мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
1) республикалық және жергілікті бюджеттерден түсетін қаражат есебінен құрылыс бойынша инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жүзеге асыру;
2) құрылыс, сәулет және қала құрылысысаласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;
Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдіктің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;
сот органдарында Басқарманың құқықтары мен міндеттерін заңнамамен белгіленген тәртіппен қорғауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
1) Қазақстан Республикасыныңқұрылыс, сәулет және қала құрылысытуралы заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден түсетін қаражат есебінен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру процесінде құрылыс тапсырыс берушісінің функцияларын жүзеге асырады;
2)мердігердің (бас мердігердің) орындайтын жұмыс барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
3) объектінің құрылысына техникалық және авторлық қадағалауды қамтамасыз етеді;
4) техникалық және авторлық қадағалаудың нұсқамаларын уақылы және сапалыорындамағаны үшінмердігерге (бас мердігерге) шаралар қабылдайды;
5) Басқарма тапсырыс беруші болып табылатын салынған объектілерді пайдалануға қабылдауында қатысады;
6)облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларының аумақтарды қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (облыстың немесе оның бөлiгiнiң аудандық жоспарлауының жобасын) iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiредi;
7) халық саны жүз мыңнан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейiннен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзу үшiн облыстық мәслихаттың қарауына енгiзедi;
8) облыстық мәслихат мақұлдаған халқының саны жүз мыңнан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуды ұйымдастырады;
9) облыстық мәслихаттың бекiтуiне ведомстволық бағынысты әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң аумақтарын қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихаттар мақұлдағанхалқының саны жүз мыңға дейiнгi облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын енгiзедi;
10) үлгiлікқағидалар негiзiнде әзiрленген, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органымен бекiтiлетінЖасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын, Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларды әзірлейді және облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
11) облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын келіседі;
12) аумақты жоспарлы құрылысын салу немесеқала құрылысының өзге деөзгерістері туралы халықты хабардар етеді;
13) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысының жоспарлау кешенді схемасын, жоспарлау жобаларын) әзірлеу үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) келісу үшін облыс әкімдігінің актілерін дайындайды;
14) облыс аумағындағы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының жұмысына жәрдемдеседі;
15) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпаратты және (немесе) мәліметтерді ұсынады;
16) халқының саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын өткізуді ұйымдастырады;
17) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толтыруды қамтамасыз етеді;
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Басқарманың құрылымын, құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және лауазымдық нұсқаулықтарынбекітеді;
3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық қарым-қатынастарды Басқарманың атынан жасайды;
5) бірінші қол қою құқығына ие;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапты болады;
7) Басқарма қызметкерлерінің міндетті орындау үшін бұйрықтарды шығарады және нұсқаулар береді;
8)Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану шараларын қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.