
Сәулет қызметi (сәулет) – объектiнiң сыртқы және iшкi келбетiн жасаудың, құрылысқа арналған (реконструкциялау, қалпына келтiру) жобалау құжаттамасының сәулет бөлiгiнде кеңiстiктi, композициялық, көлемдiк-жоспарлау және функционалдық ұйымдастырудың шығармашылық процесiн, жобаны iске асыру кезiнде авторлық қадағалау жүргiзудi қамтитын сәулет объектiлерiн жасау жөнiндегi қызмет.
Қала құрылысы қызметi (қала құрылысы) – қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіруді қамтитын, қала құрылысын жоспарлауда аумақтар мен елді мекендерді ұйымдастырудағы және дамытудағы, оларды аумақтық көліктік жоспарлаудағы және жол жүрісін ұйымдастырудағы, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін айқындаудағы, қалалық және ауылдық елдi мекендердi кешендi жоспарлаудағы қызмет.