GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Все материалы
27 мая 2025
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы айтты.

Агенттік төрағасы, Президенттік жастар кадр резерві – дарынды, бастамашыл, кәсіби білікті жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған маңызды жоба екендігіне назар аударды. Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервінің форумында атап өткендей, «еліміздегі бизнес, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина, білім және басқа да секторларда табысты еңбек етіп жүрген адамдар жеткілікті. Нақты нәтижеге ұмтылып, тұтынушының қажеттілігін өтеу үшін жұмыс істейтін осындай мамандардың әлеуетін жұмылдыру керек».

Бұған дейін 2019, 2021 және 2023 жылдары өткен іріктеулерге қатысуға жалпы 60 мыңнан астам қазақстандықтар қызығушылық танытты. Іріктеулер қорытындысы бойынша резервке 400 адам қабылданды. Бүгінде олардың 318-і жауапты қызметтерге тағайындалып, экономиканың түрлі салаларында еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

Атап айтқанда, 167 - орталық мемлекеттік органдарда, 37 -жергілікті атқарушы органдарда, 62 - ұлттық компанияларда, 52 - өзге ұйымдарда қызмет атқаруда. Сондай-ақ 39 резервші саяси лауазымдарда, 3 - «А» корпусының лауазымдарында, 2 - Мәжіліс депутаты, 1 - мәслихат депутаты болып қызмет етуде.

Дархан Жазықбайдың айтуынша, биылғы іріктеудің басты ерекшелігі – әр бағыт бойынша кандидаттардың біркелкі санын қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезеңде пропорционалды іріктеу өткізу. Резервтің әр салалық бағыты бойынша квоталар қарастырылып, іріктеу сол салалық бағыт бойынша ғана жүргізілетін болады. Бұл әдіс салалар арасындағы теңгерімді қамтамасыз етіп, нақты бағыттар бойынша үміткерлерді іріктеуді қамтамасыз етеді.

Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6 негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.

Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.

Құжаттарды қабылдау – 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады. Іріктеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылады. Бағалаушылар үшін үміткердің кім екендігі беймәлім болады.

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау – тестілеу прокторинг жүйесімен, аудио және бейнефиксациямен өтеді, әділдік пен ашықтық қамтамасыз етіледі. Талаптарға сәйкес келетін барлық кандидаттар мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтеді. Бұл ретте сандық тестілеуге әр салалық бағыт бойынша ең көп балл жинаған кандидаттардың 50%-ы жіберіледі.

Ситуациялық тапсырмаларды шешу кезеңі – кандидаттардың таңдаған салалық бағыттарына байланысты нақты проблемаларды шешу бойынша ұсыныстарын бағалауға бағытталған. Бұл кезең онлайн-режимде эссе жазу форматында өтеді.

Ассессмент-орталығы мен құзыреттер бойынша сұхбат – офлайн форматта, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында өтетін бұл кезеңде үміткерлер мінез-құлық индикаторлары және кәсіби құзыреттер бойынша топтық және жеке тапсырмалардан өтеді. Онлайн форматтағы жеке сұхбат кәсіби HR-менеджерлермен өткізіледі.

Сарапшылық комиссиямен әңгімелесу – арнайы комиссиямен сұхбаттасу түрінде жүзеге асырылады. Оның қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия отырысына 100-ден аспайтын кандидаттар тізімі ұсынылады.

Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік 50 кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.

Іріктеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында кандидаттарды бағалау нәтижелері олардың жеке кабинетінде және кезең қорытындысы бойынша ақпарат ресми сайтта жарияланады.

Агенттік төрағасы ел мүддесіне қызмет етемін деген белсенді жас азаматтарды Президенттік жастар кадр резервіне қатысуға шақырды.

«Білімді, еңбекқор, отанға қызмет етуді парыз санайтын жастар – еліміздің тұрақты дамуының басты қозғаушы күші. Жастардың білімін, әлеуеті мен күш-жігерін ел игілігі үшін тиімді пайдалану, қоғамдық мүдделерге негізделген кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынын қалыптастыру – Агенттік жұмысының басты бағыттарының бірі», - деді Дархан Жазықбай.

27 мая 2025
«Бәйге» және «Чекті талап ет жүлдені ұтып ал» акцияларына қатысыңыз! 100 000 теңге және бағалы сыйлықтар ұтып алыңыз!
29 апреля 2025
Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл

Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл бағыты есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Функциялары:

  • есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты ұйымдастыру және іске асыру;
  • мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың нашақорлық пен есiрткi бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
  • есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер және прекурсорлармен байланысты қылмыстарды ескерту, анықтау, олардың жолын кесу және ашу;
  • ақпараттық-коммуникациялық жүйеде есірткі қауіпсіздігін қаматамасыз ету;
  • есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
  • есірткі ахуалының жай-күйі мен даму үрдісінің мониторингін жүзеге асыру;
  • есірткі қылмысы мен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл нысандары мен әдістерін жетілдіру;
  • есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасасуда шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;
  • Кинологиялық қызмет орталықтарының қызметін үйлестіру және  ұйымдастыру.
29 апреля 2025
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдың соңына дейін 206 мың оқушыға арналған тағы 112 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Оның 45% - ы ауылдық жерлерде орналасатын болады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жаңа форматтағы 105 мектеп іске қосылды.

Ұлттық жоба балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін сапалы тегін білімге тең қол жеткізуі үшін жағдайлар жасауды көздейді. Ол мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін ашуға ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында барлығы 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 217 мектеп салу қарастырылған.

10 апреля 2025
"Мерейлі отбасы" байқау

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы отбасы мен некенің адамгершілік құндылықтары мен оң имиджін жандандыруға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа өзін-өзі ұсынуарқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.

Конкурсқа мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы, волонтерлік қызметке қатысатын отбасылар қатыса алады.

Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең–аудаңдық, екінші кезең –облыстық.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім қағаз немесе электрондық нұсқадағы нысан бойынша ішкі саясат бөліміне 2025 жылдың 16 наурыздан 15 мамырға дейін

(Сарыкөл кенті, Тәуелсіздік көшесі, 72 үй, 7- каб немесе электрондық мекенжайға politika_sarukol@mail.ru),  22-6-22  телефоны. Қосымшасы

1) Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) Асырап алушы (қамқоршы)отбасыларүшін – кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы жергілікті уәкілетті органның шешімінен үзінді көшірменің көшірмесі;

3) Неке қию туралы куәліктің көшірмелері;

4) Ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда (болған жағдайда) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері;

5) Балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екендігін куәландыратын құжаттардыңкөшірмелері;

6) Заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (екіденкемемес);

7) Отбасы мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;

8) Қоғамдық пайдалы қызметке қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері (волонтерлік,қайырымдылық,меценаттық,тәлімгерлік);

9) Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

Үздік жұмыстар облыстық конкурсқа қатысу үшін бағытталатын болады. Жұмыста 10 критерий бағаланады:

 1) отбасы мүшелерінің жетістіктерінің саны мен маңыздылығы (Отбасы тарихы-визит карточкасы-презентация);

2) отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер;

3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;

4) балалар мен немерелердің жетістіктері (Бар болса);

5) ата-аналардың жетістіктері үлгі ретінде;

6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны-бір аумақта бірге тұратын бірнеше ұрпақ өкілдері);

7) отбасының таланттары;

8) отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт);

9)қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық) қатысу;

10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік ету.

 -Конкурслауреаттарынмарапаттаурәсімісалтанатты түрде өткізіледі.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім

Отбасы құрамы:

Р\с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні (күні, айы, жылы)

Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы

Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасылық өмір тәжірибесі _____________________________________

Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері) ______________________

Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы  (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының  (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: ___________________________________________________

Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі) _____________________

Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) _________________________________________________

Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)

Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик

Өзге де құжаттар ___________________________________________

  Қолы __________

 Күні __________

07 апреля 2025
Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы: құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары

Қостанай облысының прокуроры Берик Абиловтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді , онда мас күйінде қайталанған қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу тиімділігі мәселелері қаралды .

Отырысқа арнайы, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың, бейнеконференцбайланыс бойынша аумақтық прокуратуралардың, полицияның, пробация қызметтерінің және әкімдіктің басшылары қатысты.

 Прокурорлық тексеру нәтижелері талқыланды, қайталама қылмыстар жасаудың негізгі себептері мен шарттары айқындалды  , алкоголь өнімін заңсыз өткізу фактілерінің жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға және алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдарды есепке қою және мәжбүрлеп емдеу жөніндегі денсаулық сақтау ұйымының жұмысына баға берілді .

Отырыс қорытындысы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге және "Заң мен тәртіп" қағидатын, бұрын сотталғандығы өтелмеген және алынбаған адамдармен бақылау, өзара іс-қимыл және жүргізілетін алдын алу жұмыстарын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар кешені әзірленді .

  Өңірде " Трезвые сёла" халықтық бастамасы бойынша кең ауқымды ақпараттық және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ұсынылды, мысал ретінде облыстың 8 ауылында алкогольдік ішімдіктерді тұтынудан және сатудан бас тарту тәжірибесі келтірілді.

Үйлестіру кеңесі деңгейінде облыстың полиция, Мемлекеттік кірістер департаменттері мен экономикалық тергеу қызметінің алкоголь өнімінің заңсыз айналымы фактілерінің жолын кесу жөніндегі іс-қимылдары біріктірілген. Тек сауда нүктелері мен дүкендерге ғана емес, сонымен қатар суррогат алкоголь өнімдерін шығаратын жерасты цехтарына да назар аударылады. 

Соңында облыстық қадағалау органының басшысы құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар қысқа мерзімді кезеңде күш-жігерін жұмылдыратын міндеттерді белгіледі.  

 

"Заң мен Тәртіп"

Қостанай облысының  прокуратурасы

02 апреля 2025
Өрт қауіпті кезең

Көктем алғашқы жасыл шөп алғаш шыққан кездегі ең өрт қауіпті маусым болып саналады, бірақ былтырғы құрғақ. Осы кезеңде өрт кез-келген қадағалаудан, тастанды сөндірілмеген темекі тұқылынан, күнмен қыздырылған сынған әйнектен, құрғақ шөптің арнайы күйіп кетуінен және аумақтарды тазарту кезінде қоқыстың бақылаусыз күйіп кетуінен туындауы мүмкін.

Елді мекендердің, бау-бақша, бау-бақша немесе саяжай коммерциялық емес бірлестіктерінің шекараларында орналасқан жер учаскелерінің құқық иелері (жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар, жер иелері және жер учаскелерін жалға алушылар) қоқыстарды үнемі тазалап, шөп шабуға міндетті және ауыл шаруашылығы алқаптарын арамшөптердің өсуінен қорғау және шабындықтарда шөп шабуды уақтылы жүргізу жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.

Өз кезегінде көктемгі егіс жұмыстары кезінде тыйым салынады:

- тракторлардың, өздігінен жүретін шассилердің және капотсыз немесе ашық сорғыштары бар автомобильдердің жұмысы;

- өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, сабан, өсімдік қалдықтарын жағу және егістіктерде от жағу;

- ормандарға, қорғаныш және көгалдандыру орман екпелеріне тікелей іргелес жатқан жер учаскелерінде орман шаруашылықтарымен келісусіз және тұрақты бақылаусыз шөпті жағу, қоқысты жағу;

- майланған немесе бензинмен, керосинмен немесе өзге де жанғыш заттармен сіңдірілген материалдарды (қағаз, мата, мақта және т.б.) осы үшін арнайы көзделмеген жерлерде қалдыру.

- жол жиектерінің шекараларында және автомобиль жолдарының жол бойындағы белдеулерінде масақ дақылдарын себу. Осы жолақтарда шабылған шөптің шұңқырларын астық алқаптарынан кемінде 30 метр қашықтықта орналастыру керек.

Ауыл шаруашылығы техникасында өрт сөндіру құралдарының болу нормаларын сақтау қажет, бұл ретте оларды дереу пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұрақты әзірлікте ұстау қажет.

Қауіпсіздік ережелерін немесе жұмысты дұрыс орындау әдістерін аздап бұзу апатқа әкелуі мүмкін. Сондықтан сіз өрт қауіпсіздігі ережелерін, өртті сөндіру әдістерін білуіңіз керек және өрттің алдын алу шараларын сақтауыңыз керек. Сарыкөл ауданының ТЖБ бас маманы Д.С. Молжигитов

02 апреля 2025
Қостанай облысының 8 ауылы алкогольден бас тартты

Қостанай облысының 8 ауылы алкогольден бас тартты

Бұл бастама өңірде 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Мәдени қоғам» жобасының бір бөлігі болды.

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин есеп беру кездесуінде өткен жылы барлық қылмыстардың шамамен 27% - ы масаң күйде жасалғанын атап өтті.

Бұл маскүнемдер, қоғамдық тәртіпті бұзушылар және отбасылық жанжал шығарушылар сияқты қауіпті топтарға полицияның бақылауын күшейтуге үлкен себеп болды. Бұған жауап ретінде үйде де алкогольді ішуге тыйым салатын 4 мыңға жуық сот шешімі шығарылды.

Алкоголизммен күресу және алдын алу тиімділігін арттыру үшін өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 2024-2025 жылдарға арналған «Мәдени қоғам» жобасы басталды.

Осы жоба аясында құқық қолдану тәжірибесіндегі олқылықтарды ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізуге қойылатын талаптарды қатайту бойынша ұсыныстар дайындалуда.

Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарын (УБДО) кеңейту шаралары қарастырылды.
Бүгінде облыста Қостанай, Рудный, Арқалық және Тобыл қалаларында барлығы 75 орындық 4 сауықтыру орталығы бар. Қазірдің өзінде Қостанайда УБДО орын саны 14-тен 25-ке, Рудныйда 20-дан 30-ға, Арқалықта 10-нан 15-ке, Тобылда 10 орындық жаңа орталық ашылды. Жоспарға Лисаков, Жітіқара және Қарабалықта сауықтыру орталықтарын құру кіреді, - деді Файзуллин.

Бұл ретте Қостанайда емханалар мен 73 ауылдық округте қосымша медициналық куәландыру пункттері ашылды.

Департамент бастығының айтуынша, Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп фельдшерлік акушерлік пункттері бар аудандар мен ауылдық округтер бойынша сараптама жүргізу үшін сертификаты бар медицина қызметкерлерінің санын көбейту жоспарлануда.

2024 жылы облыс аумағында тұрғындары алкогольден бас тартқан 6 елді мекен (Милісай, Сарысу, Әбдіғапар ,Крамское , Отынағаш , Көктал ауылдары) бар.

Бұл ауылдарда осы күнге дейін бірде-бір қылмыстық құқық бұзушылық немесе отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген жоқ.

Ағымдағы жылы Ұзынкөл ауданындағы тағы екі ауыл – Абай мен Уқатқан «ішпейтін» ауылдар қатарына кірді.
Жобаның маңызды аспектілерінің бірі-жұртшылықты тарту. Қалалар мен ауылдық елді мекендерде қоғамдық комиссиялар белсенді жұмыс істейді, олардың құрамына жергілікті билік, діни көшбасшылар мен ақсақалдар кіреді.

Олар алкогольге тәуелділіктен зардап шеккен адамдарды моральдық тұрғыдан қолдауға көмектеседі және қоғамдық айыптауды жүзеге асырады.

Осы жоба шеңберінде волонтерлік қозғалыстарды, БАҚ өкілдері мен жұртшылықты тарта отырып, алкогольді сататын сауда пункттері бойынша рейдтер жоспарланған. Мұндай жұмыс кальян бойынша да жүргізілді, - деп атап өтті Файзуллин.

Бұл шаралар аймақ тұрғындары үшін салауатты және қауіпсіз орта құруға бағытталған. "Мәдени қоғам" көмегімен Қостанай облысы нашақорлық пен тәуелділіктен арылған мәдени қоғамды қалыптастыруға қадамдар жасауда.

18 февраля 2025
Абайлаңыз, интернет-алаяқтар!

Қазақстан Республикасы ІІМ ауыспалы абоненттік нөмірлерді заңсыз пайдалануға байланысты интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткен фактілері туралы ескертеді. Бұл жағдайда қылмыстық схемаларда қолданылатын телефон нөмірлері банктерге де, құқық қорғау органдарына да берілуі мүмкін.

Алаяқтық тіркелген, банктің немесе полицияның өкілдері азаматтардың ұялы телефондарына қоңырау шалып, банк клиентінің картасынан рұқсатсыз аударым туралы хабарлаған.

Заңсыз операцияны бұғаттау үшін оның пластикалық картасының деректерін, атап айтқанда картаның нөмірін және артқы жағында көрсетілген CVV кодын нақтылау ұсынылады. Болашақта карта туралы алынған мәліметтер іс жүзінде пайдаланушының карточкалық шотынан немесе депозитінен рұқсатсыз ақша аудару үшін қолданылады.

Бірқатар жағдайларда азаматтарды өз ақшаларын депозиттерден алуға және оларды «сақтандыру шотына» салуға көндірген. Азаматтар өз мүлкін кепілге қойған немесе сатқан фактілер тіркелді, өйткені оларға қарызды ресімдеу әрекеттері туралы хабарланды. Түскен ақша алаяқтар көрсеткен шоттарға ерікті түрде аударылды.

Қазақстан Республикасының ІІМ азаматтарды қырағы болуға және қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. Олардың біріншісі-ешкімге өзінің дербес деректерін, пластикалық карталардың деректемелерін хабарламау, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен кодтық сөздерді, тіпті банк, полиция қызметкерлері болып табылатын тұлғаларға және т. б. бермеу.

13 февраля 2025
Мәслихаттың 2023 жылғы 28 қарашадағы № 102 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Сарыкөл аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 28 қарашадағы № 102 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Шешім жобасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне,  Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тармағына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 750 қаулысына сәйкес әзірленді.

Былай айтқанда, шешім жобасының қабылдауы адамдардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау үшін қажет.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешім жобасы 2025 жылғы 6 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Сарыкөл ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15431825 .

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы