Экономика және бюджетті жоспарлау саласында басқару, жергілікті бюджетті орындау функцияларын жүзеге асыру және коммуналдық меншікпен жұмысты орындау және бірыңғай ұйымдастырушы атынан мемлекеттік сатып алуды өткізу бөлім қызметінің мәні болып табылады.
Бөлім қызметінің мақсаты: ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін жоспарлау жүйесін дамыту және жасау, қаржы мәселелері жөнінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жергілікті бюджеттің орындалуы жөніндегі қаржылық есеп пен есеп беруді жүргізу, коммуналдық меншік объектілерімен жұмыс жасау.
Функциялар:
1) әлеуметтік- экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеудің үйлестірілуін жүзеге асырады;
2) стратегиялық, орта мерзімдік, экономикалық, бюджеттік жоспарлау жүйелерін жетілдіреді;
3) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастырады;
4)бюджеььік параметрлердің және әлеуметтік- экономикалық даму болжамының жобасын әзірлейді;
5) тиісті қаржы жылына аудан бюджетінің жобасын әзірлейді және бюджетті түзету, нақтылау жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
6) тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді және өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
7) бөлімнің стратегиялық, операциялық жоспарын әзірлейді және келісімін алады;
8) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларының келісімін алады;
9) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүргізеді;
10) ауданның негізгі көрсеткіштерінің даму болжамын және экономикалық талдауын жүргізеді, ауданның бес жылдық мерзімге даму бағдарламасын әзірлейді ;
11) бюджеттік инвестицияларды, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
12) жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штат кестесінің талдауын жүзеге асырады;
13) жергілікті бюджеттің инвестициялық жобаларының экономикалық сараптамасын өткізеді;
14) бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссия отырыстарына материалдар дайындайды;
15) аудан қаржысын басқаруды жүзеге асырады;
16) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте түсімнің жиынтық жоспарын, қаржыландырудың міндеттеме мен төлем бойынша жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;