Регламент

                                                                          Әкімнің

                                                                        20     жылғы «   » _______

                                                                       №_     өкімімен бекітілген

 

 

«Сарыкөл ауданының Тимирязев ауылы әкімінің  аппараты»

мемлекеттік мекемесі   жұмысының Регламенті

 

1.Жалпы ережелер

 

  1. Сарыкөл ауданының Тимирязев ауылы әкімінің аппараты (бұдан әрі – Аппарат)  ауыл  әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді.
  2. Аппарат қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңдарымен, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілерімен, осы Регламентпен реттеледі.
  3. іс жүргізуді ұйымдастыруды және жүргізуді, ауыл әкіміне, бұған қоса байланыстың түрлі арналары арқылы келіп түскен хабарлар мен деректерді беруді, осы Регламентте көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.

Аппаратта іс қағаздарын жүргізу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады, қажет болса қосымша орыс тіліндегі нұсқасы беріледі. Нормативтік құқықтық актілерден басқа фирмалық бланкілерде құжаттардың мәтіндері тек мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. 

  1. Аппарат мамандары ауыл әкімі белгілеген міндеттерді бөлуге сәйкес функцияларды орындайды. Әкім ұзақ мерзімге болмаған жағдайда немесе өз міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмағанда оның өкілеттіктерін бас  маман жүзеге асырады.
  2. Аппарат қызметшілерінің лауазымдық міндеттерін бас маман әзірлейді және әкім бекітеді.

 

 

  1. Кіретін және шығыс хат-хабарларды

қабылдау мен  жөнелту

 

  1. Аппарат, әкім, атына келіп түскен хат-хабарлар тіркеледі, алдын-ала аппарата қаралады, одан кейін құзыретіне және қызмет бөлісулеріне сәйкес орындаушылар мен орындау мерзімін көрсету және қарап, нақты тапсырмаларды (қарарларды) анықтау үшін әкімге беріледі.

7.Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің актілері, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, Президент әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңсесі басшыларының тапсырмалары бар құжаттар, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік органдардың хаттары (аудан әкімі мен оның орынбасарлары және аппарат  басшысының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес, сондай-ақ ауыл әкімі атына жазылған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері) қарау және қарар соғу үшін  әкімге беріледі.

Ауыл әкіміне бағытталған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін әкімнің қарауы үшін бас маман жібереді.

8.Егер, мәселе белгіленген құзырет шеңберінен шығатын болса, онда ауыл әкімі өтінішті құзырлы мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға үш күннен аспайтын мерзімде арыз иесіне ескертумен қоса жіберуге бас  маманга тапсырма береді.

Егер құжаттың Аппаратқа қайтарылуы талап етілсе, онда құжаттың міндетті түрде қайтарылуы туралы белгі соғылуы тиіс.

     9.Құжаттардың сақталуына  жауапкершілік қарарға сәйкес атқарушыларға жүктеледі.

  1. Қызметтік құжаттарды бақылаудан міндет бөлісулеріне сәйкес әкім,
  2. Әкімнің және әкім аппаратының атынан құжаттарға әкім, ол жоқ кезде әкім уәкілеттеген басқа тұлға қол қояды.
  3. Аппараттың барлық хат-хабарларын жөнелтуді бас маман жүргізеді. Барлық шығыс хат-хабарлар әкім  аппаратына  түскен күні жіберіледі,   және жедел хат-хабарлар шұғыл  түрде қабылданып, жіберіледі.

Мемлекеттік  органдарға жіберілетің шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық  бланкіде  мемлекеттік тілде ресімделеді, қажет болған жағдайда орыс тіліне аудару қамтамасыз  етіледі

  1. Бас маман қызметтік құжаттардың белгіленген қозғалыс тәртібіне жүйелі бақылау жасайды, жұмыс жағдайын талдайды, бұл жөнінде округ әкімің хабардар етеді.
  2. Аппараттың құжаттарын көбейтуге және көшірмесін алуға ауыл әкімі рұқсат береді.
  3. Барлық атқарушыларға алған Аппараттың ресми бланкілерін мақсатты пайдаланғаны үшін жеке жауапкершілік жүктеледі.

 

 

 

  1. Жұмысты жоспарлау

 

  1. 16. Аппарат өз жұмысын әкімнің қарауына енгізілетін негізгі іс-шаралардың жылдық тоқсандық және айлық жоспарлар бойынша құрады.
  2. Негізгі іс-шаралардың жылдық тоқсандық және айлық жоспарлары ауыл әкімнің өкімімен бекітіледі.
  3. Аппарат жұмысы жоспарының орындалуына бақылау жасауды ауыл әкімі жүзеге асырады.

 

  1. Ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерін дайындау, ресімдеу, көбейту және тарату тәртібі

 

  1. Ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Үкіметтің тіркеу және  нормативтік-құқықтық  актілердің жариялану мәселелері жөніндегі қаулыларына, сондай-ақ ауылдық округінің әкімі  бекіткен іс жүргізу жөніндегі регламенттер мен нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Жобаны әзірлеуді жүзеге асыратын бас маман оның уақытылы, сапалы дайындалуына, мүдделі атқарушы органдармен, басқа  да  ұйымдармен келісіп алуына, әкімнің   қарауына белгіленген  мерзімде жобаны ұсынуына жеке жауап береді.
  3. 21. Әкім қол қойған шешімнің, өкімнің тұпнұсқасы әкім аппаратына беріледі. Тұпнұсқаға қол қойғаннан кейін оған түзетулер енгізуге болмайды.

Шешімдермен өкімдердің  куәланған көшірмелері бас маманмен  таратылады.

Шешімнің, және  өкімнің тұпнұсқасы әкім аппаратында  сақталады.

  1. 22. Құжаттарды уақытында шығару және таратуға бас маман жауап береді.

Әкімнің аппаратында   шығарылуға түскен әкімнің шешімдері мен өкімдері, белгіленген нысандағы журналдарға мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке тіркеледі.

  1. 23. Бас маман алдын ала белгіленген   әкімнің   журналдарда тіркелген  шешімдерін  әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу үшін анықтама - негіздеме мен   әкімнің  қолы  қойылған ілеспе хатты   даярлайды

Әділет органдарында нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуден өткізілуіне бақылау жасауды Аппараттың бас  маманы жүзеге асырады.

  1. 24. Мемлекеттік тіркеуден өткен   ауылдық  округі  әкімінің  шешімдері  жедел  электрондық  түрінде  заңнамада белгіленген тәртіппен ресми  жариялауды  жүзеге асыруға құқығы бар бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін және Әділет министрлігі Құқықтық ақпарат орталығының аумақтық бөлімшесіне «Заң» деректер базасына қосу үшін жіберіледі.
  2. Жобалары осы регламенттің талаптарын бұза отырып енгізілген жағдайда қабылданған шешімдерге, өкімдерге, қаулыларға орындаушы (жобаны әзірлеуші) жауап береді.
  3. Техникалық қателері бар бұрындары жіберілген шешімдерді, өкімдерді айыр бастау  тек әкімнің  рұқсатымен  ғана  жүргізілуі мүмкін, мұндай жағдайда бастапқыда жіберілген құжаттар әкім  аппаратына  қайтарылуға тиіс.
  4. Әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне және жергілікті органдармен белгіленген баспасөз басылымында мiндеттi ресми жариялауға жатады

 

 

  1. Орындалуды бақылауды ұйымдастыру тәртібі

 

  1. Заңнамалық актілердің, Президенттің, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілерін орындауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу, ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, осы Регламентке және Аппаратта іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Бақылауға мынадай, оның ішінде құпия құжаттар (бұдан әрі – бақылаудағы құжаттар) алынады:

заңнамалық актілер;

актілер және тапсырмалар;

облыс әкімінің, аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының (оның ішінде мәжіліс хаттамаларында және іс-шаралар жоспарында барлар);

өздерінің құзыреттері шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өзге де тапсырмалары.

  1. 30. Аппаратта көрсетілген құжаттардың орындалуын бақылауға жауапты, лауазымды тұлғалар:

1) Әкім  жалпы басшылықты және бақылаудағы құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

2) Бас  маман бақылаудағы құжаттардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және мемлекеттік органның бөлімшелерінің тиімді өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз етеді.

  1. 31. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімдері олардың әкімдікке түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.
  2. 32. Актілері мен тапсырмаларын орындау актілер мен тапсырмаларда көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі.

Егер «Бақылауға алынды» деген мөртаңбасы бар тапсырмалардың мерзімдері   белгіленген жағдайда қосымша сұрауына сәйкес белгіленген тәртіппен беріледі.

  1. 33. Әкімнің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмаларында құжаттарды орындау мерзімі белгіленеді. Орындау мерзімі көрсетілмесе түскен күннен бастап бір ай мерзімінде орындалады, ал «шұғыл» деген белгісі болса – он жұмыс күні мерзімінде.
  2. Кіріс құжаттары жалпы бөлімінде тіркеуден өткеннен және аудан әкімі қарағаннан кейін ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөліміне түседі.

Орындау жөнінде нақты шаралар қабылдауды талап ететін құжатқа «Бақылау» бағдарламасында бақылау-тіркеу кәртішкесі толтырылады.

  1. Тапсырмаларды бірнеше адам орындайтын болғанда тегінің тұсында «(жинақтау)» белгісі жауап  беруші  болып  табылады.  Тапсырмада жауапты орындаушы анықталмаған жағдайда, яғни «(жинақтау)» белгісі  болмаса,  тапсырмада   көрсетілген   барлық  мемлекеттік органдар мен тұлғалар бақылауда тұрған құжаттың орындалуына бірдей жауапты болып табылады, алайда, жиынтықтауды алғашқы көрсетілген орындаушы жүзеге асырады.
  2. 36. Ауыл әкіміне түскен құжаттардың орындалу мерзіміне бақылау жасауды міндеттік бөлісуге және лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бас маман, бұдан әрі «бақылауға жауапты адамдар» жүзеге асырады.

Аппараттағы бақылауға жауапты бақылауға қойылған құжатты алғаннан   кейін   3 күн  мерзімде  құжатты  орындауды   ұйымдастыру   жөнінде  белгіленген  шаралар  туралы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөліміне   хабарлайды, қажет  болған жағдайда оны орындау жөнінде іс-шаралар әзірлейді.

  1. Қызметтік құжаттар бойынша тапсырмалардың орындалу мерзіміне бақылауды бас маман жүзеге асырады.

Тапсырманы   белгіленген  мерзімде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда  орындаушы 1  күннен  кешіктірмей  орындау  мерзімін  ұзарту туралы өтінішпен  ауылдық округінің әкіміне хабарлауы қажет.

  1. 38. Мерзімін  ұзарту,  оның  ішінде  орта мерзімді немесе ұзақ мерзімдіге ауыстыруға аудан әкімінің  шешімі бойынша бір-ақ рет рұқсат етіледі.

          Бақылауға алынған облыс әкімінің және  әкімдіктін, аудан әкімінің және әкімдіктін  әр құжатына, басқа ұзақмерзімді құжаттарға орындаушы жинақ іс әзірлейді.  Жинақ істерде құжаттар келесі тәртіппен топталады:

Бақылауға алынған құжаттын көшірмесі;

анықтамалар, ақпараттар, кеңестердің хаттамалары, тексеру материалдары, басшылықтын тапсырмалары және басқа бақылауға алынған  құжаттарды және оның жеке тақырыптарын  орындау барысы   туралы құжаттар (хронологиялық тәртіппен орналастырылады);

бақылаудан алып тастау туралы анықтама.

  1. 39. Бақылаудағы құжаттардың белгіленген орындалуы мерзімін сақтамау немесе сапасыз  орындау  тәртіптік  теріс  қылық   болып   табылады. Мерзімді сақтамау немесе бақылаудағы құжаттарды сапасыз орындау фактілері бойынша «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізімі   мен   мемлекеттік  саяси   қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы»   Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығымен және «Қазақстан Республикасы  әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы  31 желтоқсандағы   № 321 Жарлығымен   белгіленген  тәртіппен қызметтік тексеру  жүргізіледі, соның нәтижесі бойынша  кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

                      

 

  1. Кадрлармен жұмыс

 

  1. 40. Кадрлармен жұмысты «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес әкім аппаратының бас маманы қамтамасыз етеді:

Ауыл әкімі аппаратының  қызметкерлері лауазымдарының санаттарына есеп жүргізеді;

ауыл  әкімінің мемлекеттік  қызметшілерді  тағайындауға немесе сәйкесті лауазымнан  босатуға   өкімдерінің  жобаларын дайындайды.

 

 

  1. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру және жеке

және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс

 

  1. 41. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен (бұдан әрі - өтініштер) жұмысты және жеке қабылдауды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына, Аппараттың регламентіне, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі және олардың Аппаратта орындалуына бақылау туралы нұсқаулыққа сәйкес бас маман қамтамасыз етеді.
  2. Аппаратта өтініштермен жұмысты дұрыс ұйымдастыруға ауыл әкімі жауап береді.
  3. Өтініштер түскен күні тіркеледі және қарау үшін әкімге беріледі. Өтініштерді орындау туралы нұсқау қалыптасқан тәртіп бойынша әкімнің, қарары нысанында беріледі, содан кейін орындау үшін әкім аппаратына жіберіледі.
  4. Азаматтардың өтініштеріне жауаптарды әкім, және оның тапсырмасымен Аппараттың бас маманы жауап береді.

Егер қойылған мәселелер қаралған, олар бойынша қажетті шаралар қолданылған және жауаптар берілген болса, онда өтініштер шешілген болып саналады.

  1. Бақылау өтініштері жауаппен бірге аудан әкімінің жалпы бөліміне қайтарылуға тиіс.
  2. Азаматтардың өтініштері бойынша өндірістің тоқтатылуы және оны бақылаудан алу туралы шешімді әкім   қабылдайды. Түскен өтінішті бақылаудан алуға белгіленген нысан құжаты (қызмет, анықтама немесе мәлімдеушіге жауап) негіз болып табылады. Өтінішті бақылаудан, тәртіп бойынша, оны қарауға тапсырма берген лауазымды тұлға алады.
  3. 47. Азаматтарды қабылдау 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 «Орталық және жергілікті атқару органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерің, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  қаулысына  сәйкес  жүзеге  асырылады.

Әкімнің   жеке қабылдауы белгіленген күндер мен сағатта кестеге сәйкес жүргізіледі. Қабылдау кестесі Аппарат ғимаратының холында ілініп қойылады. Басшылықтың жеке қабылдауына кірем деуші азаматтарды тіркеуді бас  маман жүргізеді.

Егер әкім болмаған жағдайда немесе оның тапсырмасы бойынша азаматтарды   жеке  қабылдауды  бас  маман  жүргізуі  мүмкін.

 

  1. Кеңестер дайындау мен өткізудің тәртібі

 

  1. Мекемелермен ұйымдардын басшылары шақырылатын кеңестер, семинарлар және басқа да көпшілік шаралар жұмыс және негізгі ісшаралар жоспарына  сәйкес  немесе  қажеттік  бойынша өткізіледі.
  2. Аппарат қызметкерлерінің ауыл сыртқары жерлерге шығулары ауыл әкімімен келісіледі.

Аппарат қызметкерлерінің аудан ішінде іссапарға шығуының мақсаттылығын әкім  анықтайды.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетуін ұйымдастыру туралы

 

  1. Ауыл әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және белгіленген қызметтердің бекітілген тізбесіне, стандарттарына және регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
  2. 51. Мемлекеттік қызмет көрсету бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттарына және регламенттеріне сай ауыл әкімінің өкімімен белгіленген әкім аппаратының мамандарымен жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік қызметтер әкім аппаратында мынадай негізгі қағидалар негізінде көрсетіледі:

1) көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету процессін үнемі жетілдіру;

6) мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

 Көрсетілетін қызметті алушылардың  мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы әкім аппаратында қолжетімді орында орналасқан толық және анық ақпарат алуға құқықтары бар, әкім аппараты  мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша  ақпараттық, консультативтік, әдістемелік көмек көрсетеді

  1.   Әкім аппараты аудан әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылаудың қорытындысы бойынша ақпарат береді, сонымен қатар мамандардың  мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
  2.    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау ауыл әкіміне жүктеледі.

 

 

  1. Аппараттағы жұмыс уақытының регламенті

 

  1. 55. Аппараттың жұмыс күні 9.00-де басталады және 18.30-ге дейін созылады, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін.

Аппараттың техникалық қызметкерлері үшін нормаланбаған жұмыс күні белгіленеді.

Нормаланбаған жұмыс күні бар қызметкерлерге еңбек заңнамасының негізгі ережелері толығымен тарайды.

  1. 56. Тұрақты комиссиялардын отырыстарын, жұмыс кеңестерін, және басқа да іс-шараларды өткізу күндерін ауыл әкімі  анықтайды.

 

 

                                                               

 

Регламент
Дата публикации
22 ноября 2023