GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
17 сентября 2026
Тағыл ауылдық округі әкімінің Тағыл ауылының тұрғындарымен кездесуі

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Тағыл ауылдық округінің әкімі Жұбанова Г. А. Тағыл ауылының тұрғындарымен жиын өткізді.

Кездесу барысында ауылды абаттандыру және аумақты санитарлық тазарту, сондай-ақ халық арасында алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу мәселелері қаралды. Тұрғындарға қауіпсіздіктің негізгі шаралары және елді мекен аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

16 сентября 2026
Тағыл ауылдық округі әкімінің Соналы ауылының тұрғындарымен кездесуі

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Тағыл ауылдық округінің әкімі Жұбанова Г. А. Соналы ауылының тұрғындарымен жиын өткізді.

Кездесу барысында ауылды абаттандыру және аумақты санитарлық тазарту, сондай-ақ халық арасында алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу мәселелері қаралды. Тұрғындарға қауіпсіздіктің негізгі шаралары және елді мекен аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

16 сентября 2026
Тағыл ауылдық округі әкімінің Ермаковка ауылының тұрғындарымен кездесуі

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Тағыл ауылдық округінің әкімі Жұбанова Г. А. Ермаковка ауылының тұрғындарымен жиын өткізді.

Кездесу барысында ауылды абаттандыру және аумақты санитарлық тазарту, сондай-ақ халық арасында алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу мәселелері қаралды. Тұрғындарға қауіпсіздіктің негізгі шаралары және елді мекен аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

Ескерту
14 сентября 2026
Хабарландыру

Құрметті Тағыл ауылдық округінің тұрғындары!

2026 жылғы 16 қыркүйекте Тағыл ауылдық округінің әкімі Жұбанова Гүлшат Амангелдіқызымен халықпен кездесу өтеді.

Ермаковка ауылы – сағат 11:00-де (бұрынғы мектеп ғимаратында)

Соналы ауылы – сағат 14:00-де (мектеп ғимаратында)

2026 жылғы 17 қыркүйекте Тағыл ауылдық округінің әкімі Жұбанова Гүлшат Амангелдіқызымен халықпен кездесу өтеді.

Тағыл ауылы – сағат 13:00-де (мектеп ғимаратында)

Барлық тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз!

Мемлекеттік қызметтер
11 сентября 2026
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Жоғары сапалы мемлекеттiк қызметтерге барлығына ашық және тең қол жеткiзу мемлекеттiк басқару органдарының алдына қойылған негiзгi мiндеттердiң бiрi болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық стенд жұмыс істейді, сондай-ақ тақырыптық буклеттер мен брошюралар орналастырылған.

Әкім аппаратының мамандары ауылдық округ тұрғындары арасында кейіннен «электрондық үкімет» порталы - egov.kz. арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны алу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

Бұдан басқа, ресми интернет-ресурста «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда көрсетілетін қызметтер туралы өзекті ақпарат орналастырылған.

Халыққа ыңғайлы болу үшін, қызметтерді алу процесін жеңілдету және аудан орталығына шығу қажеттілігін болдырмау мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы орнатылған, оның көмегімен әрбір азамат электрондық қызметті өз бетінше не ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің көмегімен ала алады.
Сондай-ақ, мамандар «Kaspi» және «Halyk» мобильдік қосымшалары арқылы халыққа салық және коммуналдық қызметтерді төлеуде көмек көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер
11 сентября 2026
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

 «Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің әкімі Жұбанова Г.А  жүргізді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне қойылатын негізгі талаптар, азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету, сондай-ақ негізсіз бас тартуға және оларды көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Түсіндіру жұмысын жүргізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

25 августа 2026
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасында елдің жаңа бір палаталы заң шығарушы органы — Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтті.

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасында елдің жаңа бір палаталы заң шығарушы органы — Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтті.

Бұл күн Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болды. Сайлау конституциялық реформаларға сәйкес өткізіліп, жаңа шақырылымдағы Құрылтайға алғашқы сайлау болды. 2026 жылғы 23 тамызға сайлауды тағайындау туралы шешім Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен қабылданды.

Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде азаматтардың еркін ерік білдіруі үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етіліп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік сақталды.

Азаматтардың сайлауға қатысуы демократиялық үдерістің маңызды бөлігі болып табылады және халықтың елдің одан әрі дамуына деген азаматтық жауапкершілігін көрсетеді.

Құрылтайға алғашқы сайлау Қазақстан тарихына заң шығарушы биліктің жаңа жүйесін қалыптастырудағы және конституциялық реформаларды жалғастырудағы маңызды кезең ретінде енді.

13 августа 2026
Діни сауаттылық — қауіпсіз қоғамның негізі

Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жобасы аясында  Тағыл ауылының тұрғындарымен бірқатар ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.

 

Кездесулер барысында ашық диалог ұйымдастырылып, қатысушылар діни саланы реттейтін заңнамаға және қазіргі ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздікке қатысты сұрақтарына жауап алды.

 

Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының жетекшісі Юлия Калюжная зайырлылық және діни сенім бостандығы қағидаттарын іске асыру туралы айтып берді. Дәстүрлі дінді деструктивті идеологиялардан ажырата білуге, діни үгіт-насихатқа тартудың белгілерін тануға және манипуляциялық ықпалдың объектісіне айналмауға ерекше назар аударылды.

 

Тыңдаушыларға, ең алдымен ата-аналарға, сөз арнаған Ю. Калюжная сыни ойлауды дамыту, түрлі ұлттар мен конфессия өкілдеріне құрметпен қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау маңызды екенін атап өтті.

 

Іс-шараларды Сарыкөл ауданының ішкі саясат бөліміне тапсырысы бойынша «Қостанай облысының психологтар қауымдастығы» ҚҚ ұйымдастырды.

07 августа 2026
Құрылтай депутаттарының сайлауы: Қостанай облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін онлайн біле алады

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 23 тамыз күні өтеді. Қостанай облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін онлайн біле алады.

Сайлау учаскесі туралы мәліметті нақты уақыт режимінде келесі тәсілдер арқылы білуге болады:

Азаматты белгілі бір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізудің негізі оның сол сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелуі болып саналады.

Қостанай облысының Сall-орталықтарының нөмірлері:

Таза Қазақстан
22 июля 2026
Автомобиль жолының жол жиектерін шабу

Тағыл – Соналы автомобиль жолының жол жиектерін шабу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы