Регламент

«Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкiмнің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

 жұмыс регламенті

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Сарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округі әкiмiнiң аппараты (бұдан әрі – аппарат) ауылдық округі әкiмi қызметiнің ақпараттық, талдау, ұйымдастыру құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асырады.
  2. Аппарат қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін –өзі басқару туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк актiлерiмен және осы Регламентпен реттеледi.
  3. Құпия емес iс жүргiзудi ұйымдастыруды және жүргiзудi, ауылдық округі әкiмiне келіп түскен хат -хабарды, бұған қоса байланыстың түрлi арналар арқылы келiп түскен хабарлар мен деректердi қабылдау, өңдеу және үлестіруді осы Регламентпен ескерілген тәртiпте бас маман жүзеге асырады.

 Аппаратта іс қағаздарын жүргізу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады, қажет болса қосымша орыс тіліндегі нұсқасы беріледі. Нормативтік құқықтық актілерден басқа фирмалық бланкілерде құжаттардың мәтіндері тек мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің, облыс әкімдігінің, облыс әкімінің, облыс мәслихатының, аудан әкiмiнің және округ әкiмінiң нормативтiк-құқықтық актiлерiне ресми түсiнiк берудi ауылдық округі әкімінің тапсырмасы бойынша бас маман  жүзеге асырады.
  2. Ауылдық округі әкiмi аппаратының мамандары ауылдық округ әкiмi белгiлеген мiндеттердi бөлуге сәйкес функцияларды орындайды. Ауылдық округ әкiмi ұзақ мерзiм болмаған жағдайда немесе өз мiндеттерiн орындауға мүмкiндiгi болмағанда оның өкiлеттiктерiн ауылдық округтің бас маманы жүзеге асырады.

 

 

 

 

  1. Кiріс хат-хабарларды қарау және шығыс хат-хабарларды жіберу

 

  1. Ауылдық округ әкімінің атына келiп түскен хат-хабарлар бас маманмен тiркеледi, алдын ала қаралады және орындаушылар мен орындау мерзiмiн көрсете қарау және нақты тапсырмаларды (қарарларды) анықтау үшiн құзыретiне және қызмет бөлiсулерiне сәйкес әкімге жіберiледi.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімдігінің, әкімінің, облыс мәслихатының актiлерi, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Президент Әкiмшiлiгi және Премьер – Министр Кеңсесi басшыларының, облыс әкiмiнің, облыс әкiмдiгiнің, облыс мәслихатының, аудан әкімдігінің тапсырмаларымен құжаттар қарау және қарар соғу үшiн ауылдық округ әкiмiне берiледi.

          Ауылдық округі әкіміне бағытталған заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтiнiштерi аппараттағы тиiстi лауазымды тұлғаға қарау үшiн бағытталады.

  1. Егер мәселе белгiленген құзырет шеңберiнен шығатын болса, онда өкiлеттi лауазымды тұлға бас маманға өтiнiштi құзырлы мемлекеттiк органға немесе лауазымды тұлғаға үш күннен аспайтын мерзiмде арыз иесiне ескертумен қоса жіберуге тапсырма береді
  2. Егер құжаттың аппаратқа қайтарылуы талап етiлсе, онда құжаттың мiндеттi түрде қайтарылуы туралы белгi соғылуы тиiс.
  3. Құжаттардың сақталуы қарарға сәйкес оындаушыларға жүктеледi.
  4. Қызметтiк құжаттарды бақылаудан мiндет бөлiсулерiне сәйкес әкiм, бас маман алады.
  5. Ауылдық округ әкiмі атынан құжаттарға әкiм, ол болмағанда бас маман қол қояды..
  6. Аппараттың барлық хат-хабарларын жөнелтудi бас маман жүргiзедi. Барлық шығыс хат-хабарлар түскен күнi жiберiледi, жеделхаттар және жедел хат-хабарлар шұғыл түрде қабылданып, жiберiледi.
  7. Бас маман қызметтiк құжаттардың белгiленген қозғалыс тәртiбiне жүйелi бақылау жасайды, жұмыс жағдайын талдайды және бұл жөнiнде ауылдық округ әкіміне хабардар етедi.
  8. Аппараттың құжаттарын көбейтуге және көшiрмесiн алуға ауылдық округ әкімі рұқсат бередi.
  9. Алынған ресми бланкілердің мақсатты пайдалануына барлық орындаушылар жеке жауапты болады. Фирмалық бланкілерге (нормативтік актілерден басқа) тек мемлекеттік тілдегі ғана нұсқасы басылуы міндет).

 

  1. Жұмысты жоспарлау

 

  1. Аппарат өз жұмысын негiзгi iс-шаралардың жылдық, тоқсандық, айлық жоспарлары және ауылдық округ әкімінің қарауына шығарылатын мәселелердiң тоқсандық тiзбесi бойынша құрады.
  2. Жылдық, тоқсандық және айлық жоспарлар ауылдық округ әкімімен бекiтіледi.
  3. Аппарат жұмысы жоспарының орындалуына бақылау жасауды ауылдық округтің әкімі жүзеге асырады.

 

  1. Ауылдық округі әкiмі актiлерiнiң жобаларын

дайындау жјне ресiмдеу тәртiбi

 

  1. Аппарат әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрi - жобалар) дайындауды  "Нормативтік құқықтық актілер туралы" , "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

          Мүдделi органдармен келiсiлген, бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған жобалар мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде ұсынылады.

  1. Жобалардың уақытылы, сапалы әзiрленуiне және ауылдық округі әкіміне белгiленген мерзiмдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттiк тілдегі және орыс тiліндегi мәтiндерiнiң түпнұсқалылығына оны әзірлеуді жүзеге асырушы органның бас маманы дербес жауапты болады.

Бұл ретте атқарушы органдарда келiсу мерзiмi бiр мезгiлде есептеледi және ауылдық округі әкімнің актілері жобаларының түскен әрі тiркелген кезiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

  1. Келiсу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн жобаны әзiрлеушi мүдделi органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкілікті нұсқасына жинақтайды (ескертулердi жояды). Бұл ретте, тїпкiлiктi нұсқаны дайындау процесінде әзiрлеушi өзі келiскен атқарушы органдардың ескертулерiн мiндеттi түрде жояды.

          Жобаны әзiрлеушi жобаны аппаратқа енгiзу кезiнде мүддесi осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерiн (мұндай факт болған жағдайда) түсiндiрме жазбада көрсетедi, бұл ретте, енгiзiлген материалдарға тиiстi органға келiсу үшiн енгiзiлгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi қоса берiледi. Мұндай растау болмаєан жағдайда, жоба мүдделi органға келiсуге жiберiлмеген болып есептеледi.

  1. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтiк-экономикалық салдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмдіктің және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi мiндеттi түрде жобаға қоса бередi.

          23.Жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның басшысы екi парақтан аса көлемдегi жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиiс.

Жобаның іс қаєаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместiгi туралы ескертулер болған ретте, аппарат жобаны тiркеуге дейiн әзiрлеушiге қайтаруға құқылы.

Жоба тiркелгеннен кейiн оның мәтiндерiнiң мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi түпнұсқалылығы тексерiледi және сараптамадан өтедi. Жобаға сараптама жүргізу мерзiмi жобаның әкім аппаратында тiркелген күнінен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

  1. Әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне әкім қол қояды. Актілерге қол қойғаннан кейiн олардың түпнұсқаларына түзетулер енгiзiлмейдi.
  2. Әкім шешiмдерi мен өкiмдерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн бас маманмен таратады.

          Әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң түпнұсқалары аппаратта сақталады.

          Құжаттардың уақытылы шығарылуы және жөнелтiлетiн алушыларға таратылуы үшін жауапкершiлiк бас маманға жүктеледi.

  1. Техникалық қателерi болған ретте әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң бұрын таратылған даналары тек әкімінің рұқсатымен єана ауыстырылуы мүмкiн. Бұғл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиiс.
  2. Бас маман әкiм қабылдаған актілердің есебiн, жүйеленуiн және бақылау даналарын жүргiзудi, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзудi жүзеге асырады.
  3. Әкімнің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге және жергілікті атқарушы органдар айқындаєан мерзімді басылымдарда ресми жариялануға жатады.
  4. Бас маман актілердi жариялауға жiберудi жүзеге асырады.

 

  1. Орындалуына бақылауды ұйымдастыру тәртiбi

 

  1. Кiретiн құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру тәртiбi:

1) Орындауға тиiс iс-шаралар Қостанай облысы әкiмiнiң, әкiмдiгiнiң және мәслихатының актілерi мен тапсырмалары, аудан әкімі мен әкімдігінің, жоғарғы мемлекеттiк органдардың басшы лауазымды тұлғаларының тапсырмалары бақылауға алынады.

2) Бақылауға алынатын кiріс құжаттар бас маманда тiркеуден өткеннен және ауылдық округ әкімі әкiмi қарағаннан кейiн бас маманға түседi.

3) Орындау жөнiнде шаралар қабылдауға талап ететiн құжатқа «Бақылау» бағдарламасында бақылау-тiркеу кәртiшкесi толтырылады, оның бiр данасы орындаушыға жiберiледi.

4) Тапсырмаларды бiрнеше адам орындайтын болғанда тегiнiң тұсында «жиынтық» белгiсi жауап берушi болып табылады.

Тапсырмада жауапты орындаушы анықтамаған жағдайда, яғни «жиынтық» белгiсi болмаса, тапсырмада көрсетiлген барлық мемлекеттiк органдар мен тұлғалар бақылауда тұрған құжаттың орындалуына жауапты болып табылады, алайда, жиынтықтауды алғышқы көрсетiлген орындаушы жүзеге асырады.

5) Орындалу мерзiмiне бақылау жасауды мiндеттiк бөлiсуге лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өкілетті лауазымды тұлғалар, бұдан әрi «бақылауға жауапты адамдар» жүзеге асырады.

6) Аппаратта бақылау жасауға жауапты адам бақылауға қойылған құжат алынғаннан кейiнгi 3 күндiк мерзiмде құжатты орындауды ұйымдастыру жөнiнде қарастырылып жатқан шаралар туралы әкімге хабарлайды.

7) Бақылаудағы құжаттарды орындау мерзiмi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы  №168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттарды орындауға бақылау жасауды ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықпен белгiленедi.

  1. Шығатын құжаттарға бақылау жасауды және орындалуын тексерудi ұйымдастыру тәртiбi:

1) Округ әкiмiнiң шешiмдерi, өкiмдерi, тапсырмалары  бақылауға алынады. Бас маман бақылауға алынған құжатқа  «Бақылау» бағдармасында бақылау-тiркеу кәртiшкесi ашылады, оның бiр данасы орындаушыға жiберiледi.

2) Егер тапсырманы орындау мерзiмi көрсетiлмеген болса ол құжатқа қол қойған немесе оны нормативтiк-құқықтық актiлердiң мемлекеттiк  тiзiлiмiнде тiркеген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей орындалуға тиiс.

  1. Жалпы ережелер:

1) Орындауға тиiс iс-шаралар көрсетiлген Қостанай облысы әкiмiнiң, әкiмдiгiнiң және мәслихатының құқықтық актілерін, , аудан әкімі мен әкімдігінің, қызметтiк сипаттағы басқа құжаттардан туындайтын тапсырмаларға, сондай-ақ әкiмдiктiң, әкiмнiң құқықтық актiлерiне, аудан әкiмiнiң тапсырмаларына байланысты бақылау жұмысын үйлестiрудi «Бақылау» компьютерлiк бағдарламасы көмегiмен аппараттың бас маманы  жүзеге асырады.

Бөлiм құқықтық актiде белгiленген орындау мерзiмi өткенге дейiн орындаушыға тиiстi жазбаша ескерту жiбередi.

Қызметтiк құжаттар бойынша тапсырмалардың орындалу мерзiмiне бақылауды бас маман жүзеге асырады.

2) Бақылауға жауаптылар бақылауда тұрған құжаттарға есеп (картотека) жүргiзедi.

3) Тапсырманы белгiленген мерзiмде орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда орындаушы 3 күннен кешiктiрмей ауылдық округ әкіміне хабарлауға тиiс;

4) Облыс әкімі мен әкімдігінің бақылауға алынған әрбір актілеріне, басқа да ұзақ мерзiмдi құжаттарға орындаушы жинақтау папкасын (iс) ашады. Жинақтау папкасындағы құжаттар төмендегiдей тәртiппен топтастырылады:

бақылауға алынған құжаттың көшiрмесi;

ақпараттар, анықтамалар, кеңес хаттамалары, тексеру материалдары, осы мәселелер бойынша басшылықтың тапсырмалары және бақылаудағы құжат пен оның жекелеген тармақтарының орындалу барысы туралы басқа құжаттар (хронологиялық тәртiппен орналасады);

бақылаудан алынған туралы анықтама.

5) Құжаттар бақылаудан округ әкiмiнiң орындалуы туралы анықтама-ақпаратындағы немесе бақылау-тiркеу кәртiшкесiндегi бұрыштамасымен алынады, сондай-ақ:

жаңа құжат негiзiнде  өз күшiн жоғалтқанда;

оларда белгiленген мерзiм өткенде;

қойылған мәселелер толығымен шешiлгенде және ол туралы құжатты шығарған мемлекеттiк органды немесе лауазымды тұлғаны хабарлағанда.

  1. Бақылаудағы құжаттардың белгiленген орындалуы мерзiмiн сақтамау немесе орындау тәртiптiк терiс қылық болып табылады. Мерзiмдi сақтамау немесе бақылаудағы құжаттарды сапасыз орындау фактiлерi бойынша «Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану Ережелерiн бекiту туралы» 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарғысымен белгiленген тәртiппен-қызметтiк тексеру жүргiзiледi, нәтижесi бойынша кiнәлi тұлғалар тәртiптi жауапкершiлiкке тартылады.

 

  1. Кадрлармен жұмыс

 

  1. Кадрлармен жұмысты «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заныңа сәйкес бас маман қамтамасыз етедi:

ауылдық округ әкiмi аппаратының қызметкерлерi лауазымдарының санаттарына есеп жүргiзедi;

аудан әкiмiнiң мемлекеттiк қызметкерлердi тағайындауға немесе тиiстi лауазымдардан босатуға арналған  өкiмдерiнiң жобаларын дайындайды:

  1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби даярлығы деңгейiне талдау жасайды, бiлiктiлiгiн арттыруға жiберудi ұйымдастырады.

.

  1. Өтiнiштермен жұмыс істеу және

азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыру

 

  1. Өтiнiштермен жұмыс істеуді және азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыруды аппараттың жалпы бөлiмі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi №974 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы №168 қаулысымен бекiтiлген «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртiбi туралы» нұсқаулығына және аудан әкімінің 2009 жылғы 14 суәірдегі №72-ө өкімімен бекітілген «Сарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі және олардың орындалуын бақылау туралы нұсқаулығына сәйкес жүргізеді.
  2. Аппаратта азаматтардың өтiнiштерiмен жұмысты дұрыс ұйымдастыруға бас маман жауап бередi.
  3. Азаматтардың өтiнiштерi қарау үшiн өтiнiштердiң мазмұнына байланысты ауылдық округтің әкіміне берiледi. Азаматтардың өтiнiштерiн орындау туралы нұсқау қалыптасқан тәртiп бойынша, ауылдық округтің әкiмнiң қарары нысанында берiледi.
  4. Азаматтардың өтiнiштерiне жауаптарды ауылдық округтің әкiмі бередi.

Егер өтiнiште қойылған мәселелер қаралған, олар бойынша қажеттi шаралар қолданылған және жауаптар берiлген болса, өтiнiштер шешiлген болып саналады.

  1. Бақылау өтiнiштерi жауаппен бiрге аппараттың бас маманға қайтарылуға тиiс.
  2. Азаматтардың өтiнiштерi бойынша өндiрiстiң тоқтатылуы және бақылаудан алдын алу туралы шешiмдi ауылдық округтің әкімі қабылдайды. Түскен өтiнiштi бақылаудан алуға белгiленген нысан құжаты (қызмет хаты, анықтама немесе мәлiмдеушiге жауап) негiз болып табылады. Өтiнiштi бақылаудан, тәртiп бойынша, тапсырма бойынша оны қараған сол лауазым иесi алады.
  3. Азаматтарды қабылдау «Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Ауылдық округтің әкімімен азаматтарды жеке қабылдауы белгiленген күндер мен сағатта кестеге сәйкес жүргiзiледi. Қабылдау кестесi ауылдық округ әкімдігі ғимаратының холында iлiнiп қойылады және аудандық газет пен ауылдық округтің әкімінің сайтында жарияланады. Ауылдық округтің әкіміне жеке қабылдауына азаматтардың жазылуы бас маманмен жүргiзіледi.

 

  1. Жұмыс уақытының регламентi

 

  1. Аппараттың жұмыс күнi 9.00-да басталады және 18.00-ге дейiн созылады, түскi үзiлiс 13.00- дан 14.30-ге дейiн.

Аппараттың жауапты және техникалық қызметкерлерi үшiн нормаланбаған жұмыс күнi белгiленедi.

Нормаланбаған жұмыс күнi бар қызметкерлерге еңбек заңнамасының негiзгi ережелерi толығымен тарайды.

Аппарат қызметкерлерiнiң функционалдық мiндеттерiнiң көлемi лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.

  1. Жұмысшы кеңестерiн және басқа да iс-шараларды өткiзу күндерiн ауылдық округтің әкімі анықтайды, ол болмаған жағдайда- бас маман.

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібі туралы

 

45.Ауылдық округі әкімінің аппартында мемлекеттік қызмет көрсету 2013 жылғы 15 сәуірдегі ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Бекітілген мемлекеттік қызметтің регламенттеріне және стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету ауылдық округінің өкімімен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету бойынша маман қамтамасыз етеді.

         47.Мемлекеттік қызметтерді алушылар  мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша  толық та шынайы ақпарат алу құқықты, бұл ақпарат әкім аппаратында қолжетімді жерде орналасқан,  әкім аппараты  мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша ақпараттық, консультациялық, методикалық қолдау көрсетеді.

  1. Әкім аппараты сапалы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бойынша ақпаратты аудан әкімінің аппаратына жіберуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктіліктерін арттыруын қамтамасыз етеді.

49.  Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылауды ауылдық округінің әкіміне жүктелген.

Регламент
Дата публикации
23 ноября 2023