Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер-өмір сапасы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер-өмір сапасы

Егемендік алған жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде, мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше турде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады өмір    сапасы болып табылады.Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1)көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2)Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық  игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қиылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді.Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың автоматтандырылған түрінің артықшылықтары – олардың қолжетімділігі және бенефициарлардың қолайлылығында. Қызметтерді автоматтандырылған режимге ауыстырудың негізгі артықшылығы ретінде мыналарды атап өтуге болады: қызмет алу туралы ақпарат алуға қолжетімділік; мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, қызмет алуға   байланысты уақытша шағындарды қысқарту; үйден немесе жұмыс компьютерінен мемлекеттік қызметтерге өтініш беру мүмкіндігі.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуін жақсарту, баламалы және электрондық қызметтердің үлесін көтеру мақсатында ХҚКО арқылы және электрондық қызметтердің кең таралуын және пайдаланушыларды арттыру үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын көтеру жөнінде шаралар болып табылады.тұрғындарға, орта мектептердің және балабақшалар ұжымымен ХҚКО мамандарымен ауыл тұрғындарына мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасында аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторинг бөлімі бекіткен жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерін тұрақты өткізіп тұрады.

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерге кол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру, оны электрондық нұсқада алуды үйрету, мемлекеттік қызметтердің ашықтылығын көрсету және қызметтердің сапасын арттыру, аудан  көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және электронды қызметтер туралы толық ақпаратты бере отырып, қызмет көрсету бағытында толғандырған ойлар мен проблемалық мәселелерге, сұрақтарға жауап беру.

 Электрондық үкіметті дамыту дегеніміз біріншіден, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру.

Екіншіден, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдың азаюына негіз тудыру.

Үшіншіден, Руқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің  сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік орындардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы зор.Аудандық мониторинг бөлімі тарапынан ішкі бақылау шаралары жүргізіліп, аудандық арнайы мониторингтің топ мүшелері зерттеу жұмыстары үнемі  жүргізіледі. Зерттеу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар  жасалып, тұрғындарға қызмет ету үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Дата публикации
17 июня 2025
Дата обновления
17 июня 2025
Тип

Сейчас читают

11 сентября 2026
Жылжымайтын мүлік
11 сентября 2026
Мемлекеттік қызметтер
Ақпарат
15 декабря 2025
Цифровизацияландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы