Меню

Страницы

Статья

Электронды мемлекттік қызмет көрсетеуді жетілдіру

Мемлекеттік қызмет көрсету жетілдіріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек. Пандемия кезінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті» деп атап көрсеткен еді.

Мемлекет басшысының бұл мәселеге назар аударуы тегін емес. Осы саланы жетілдіре түсу, қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні кезек күттірмейтін мәселе. Қазір қағаз түрінде ұсы­нылатын қызметтер санының қыс­қартылуы жалғасуда. Соның ішін­де Мемлекеттік корпорация бөлім­дері арқылы көрсетілген қыз­меттер 2 есе, балама қыз­меттер 3 есе азайды. Сонымен қатар, Елбасының электронды мем­лекеттік қызметтерді дамы­ту және электронды қызмет­тер үлесін 90%-ға дейін жеткізу жөнін­дегі тапсырмасын ескере отырып, департамент «бір өтініш» негі­зінде бірнеше мемлекеттік қыз­мет көрсету үшін қызметтер тізі­ліміне, қызмет көрсету барысында қолданылатын ақпа­рат­тық жүйелерге талдау жасау­да. Мәселен, биыл Агенттікке туыл­ған баланы асырап алу және қамқорлыққа алу қызметін «Баланың тууы мен күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау» қызметімен бірге проактивті нысанда көрсету жөніндегі ұсыныс жіберілген. Сондай-ақ 146 қыз­мет бойынша проблемалық мәсе­лелер туындаған. Оларды жою жөніндегі ұсыныстар да Агент­тікке жолданыпты. Соның ішінде оң шешімін тапқан мәселелердің бірі – облыстың шаруа қожа­лық­тарына тыңайтқыштар құнын төлеу үшін субсидия бөлу жө­ніндегі өтініштерін беруіне мүм­кіндік туған. Қазір олар субсидия­ларды ресімдей бастады.

Электронды нысанға ауыс­ты­рылған мемлекеттік қызмет­тердің қолжетімділігіне мони­торинг жасалғанда да кей­бір проблемалардың бары анық­талған. Мысалы, бүгінгі күні мүлік салығын есептеуде проб­лема туындап отыр. Өйткені, мем­­лекеттік органдардың ақпа­рат­тық жүйелерінде ақаулар пайда болуда. Сондықтан есептел­ген салықтар бойынша түзету­лер енгізу мақсатында мем­лекеттік кірістер органдарымен «е-Салық» қосымшасы жасалған.

Электронды қызметтерді іске асыруда «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторлары ерекше орын алуда.

Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде облыс әкімдіктері Сервистік әкімдіктер форматына көшуде.

Ағымдағы жылы үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін сұранысқа ие және аса маңызды мем­л­екеттік қызметтерді «Элек­тронды үкімет» порталы, «eGovmobile» мобильді қосым­шасы және Telegram мессенджері арқылы алу мүмкіндігін түсін­діретін 83 оқыту нұсқамасы әзір­­ленді. Сонымен қатар, бұл ақ­парат Instagramдағы «eGOV-та қалай мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға болады» деген парақшада орналастырылған. Нұс­қамалар ҮИК, еріктілер және коммуналдық қызметтер тұтыну­шыларының жеке кабинеттері арқылы таратылған. Әзірге оған 4520 жеке тұлға және 3035 заңды тұлға кірген. Электронды цифрлы қол қоюды (ЭЦҚ) қашықтан алу үшін eGov mobile, Digital agent қосымшалары бойынша түбір­тектермен бірге түсіндіру кітапшалары мен парақшалары қоса жіберіледі.

Былтырғымен салыстырғанда көр­­­сетілген мемлекеттік қыз­мет­­тер саласындағы әкімшілік құ­­қық бұзушылықтар саны 4,7 есе тө­мендеді. Мемлекеттік қыз­мет көр­сету және мемлекеттік орган­­­дар­­дың жұмысына қатысты Де­пар­­­­т­аментке барлығы 36 өті­ніш тү­сіп, олардың алтауының бұзыл­­ған құ­қықтары толық қал­пына кел­ті­рілген.

 

Дата публикации
05 мая 2025
Дата обновления
05 мая 2025
Тип

Сейчас читают

11 сентября 2026
Жылжымайтын мүлік
11 сентября 2026
Мемлекеттік қызметтер
Ақпарат
15 декабря 2025
Цифровизацияландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы