«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) жеке жоспар бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - мүгедек балаларды) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерде ай сайын «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі;
3) оқытуға жұмсалған шығындарын өндіру үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады: сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат; баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдарымен берілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама; неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік; балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растатйтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер; тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат («Электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйесінен); оқу орнынан мүгедек баланың үйде оқитындығын растайтын мәлімет; банктік шоттың нөмірі туралы құжат; мүгедектігі туралы анықтама. Өтініште көрсетілген құжаттарды тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады;
4) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі;
5) оқуға арналған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқу кезеңінде, мүгедек баланың қайтыс болуы) төлем тиісті мән-жайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
6) артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда - сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
1) «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы № 206 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5082 болып тіркелген);
2) «Мәслихаттың 2014 жылғы 29 тамыздағы № 206 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2020 жылғы 16 қазандағы № 366 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9504 болып тіркелген).
Сарыкөл аудандық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешімінің жобасына
түсіндірме жазба
|
№ |
Түсіндірме жазбада көрсетілетін мәліметтердің тізбесі |
Ескертпе |
|
1. |
Жобаның атауы |
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы |
|
2. |
Әзірлеуші – мемлекеттік орган |
«Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
|
3. |
Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі |
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 3-қосымшасы |
|
4. |
Іске асыру мақсатымен қандай заңнамалық актілер, Президенттің, ҚР Үкіметінің актілері, басқа да актілер мен тапсырмалар жобаға енгізіледі |
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тузеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы |
|
5. |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері |
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу |
|
6. |
Жобаны қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік–экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
|
Кемтар балалардың ата-анасына шығындарын өтеу |
|
7. |
Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығыстар |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2,7 миллион теңге |
|
8. |
Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері |
Барлық бұрыштама бар |
|
9. |
Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданды және олар қалай орындалғаны туралы мәліметтер |
Сарыкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 206 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешімі
|
|
10. |
Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі
|
Жоқ |
|
11. |
Басқа мәліметтер |
– |