БЕКІТЕМІН
Сарыкөл ауданының әкімі ______________А. Балғарин
2020 жылғы «___»_________
Сарыкөл ауданы әкімдігі жанындағы Аналар кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Аналар кеңесінің мақсаты қазақстандағы отбасылық қатынастарды нығайту, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау, тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету.
1) дені сау және жан-жақты, жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ата-аналардың жауапкершілігін арттыру үшін жағдай жасау.
2) жалғызбасты және көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелерін шешуде кеңес беру;
3) отбасылық құндылықтарды, ата-аналардың жетістігін насихаттауға, қоғамдағы отбасы рөлін арттыруға, жанұя берекесін сақтауға бағытталған іс-шараларды іске асыруға қатысу;
4) жастар арасындағы бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу; аға буынға мейірбандықпен, құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу, әлеуметтік отбасылық құндылықтар мен репродуктивті ұстанымдарды қалыптастыру;
5) қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа тәрбиелеу, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени бірегейлігін қалыптастыруға бағытталған жұмыс ұйымдастыру;
6) ұлтаралық келісімді, толеранттылыққа негізделген өзара қарым-қатынасты нығайту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды, отбасылық құндылықтарды насихаттау;
7) Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам институттарының және басқа да ұйымдардың отбасы мен ана рөлін насихаттауға бағытталған қоғамдық бастамаларын, әлеуметтік маңызға ие жобаларына қолдау танытып, дамыту;
8) Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметтерін іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттестік орнату;
9) отбасы және ана институттарының мәртебесін нығайту бойынша Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарына ұсыныстар дайындау.
1) жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) Кеңес отырыстарында Кеңес құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
3) өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Кеңес шешімдері ұсыным ретінде танылады.
Кеңес төрағасы:
1) Кеңес мүшелеріне отырыстың өтетін мерзімі мен орны туралы хабарлайды;
2) Кеңес отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
3) Кеңес отырыстарының хаттамасын рәсімдейді;
4) Кеңес мүшелерінің қабылданған шешімдерді орындау бойынша атқарған жұмысы туралы дайын есепті Кеңес төрағасына ұсынады;
5) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асырады. Кеңес хатшысы Медиация кеңесінің мүшесі болып табылмайды.
Кеңес хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Кеңестің жұмыс органы:
1) Кеңес қызметін ақпараттық-сараптамалық тұрғыдан қамтамасыз етеді;
2) Кеңес құзыретіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;
3) Кеңес қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.