БЕКІТЕМІН
Сарыкөл ауданының әкімі ______________А. Балғарин
2020 жылғы «___» ________
Сарыкөл ауданы әкімдігінің жанындағы медиация кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Сарыкөл ауданы әкімдігінің жанындағы медиация кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
- Медиация кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Кеңес құрамы судьялардың (келісімімен), адвокаттардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық медиация ұйымдарының, ҚХОА медиация кабинеттерінің және басқа да ұйымдардың өкілдері қатарынан қалыптасады
- Кеңес құрамы Сарыкөл ауданы әкімінің келісімімен бекітіледі.
- Кеңес төрағасын кеңес мүшелері отырыс барысында сайлайды. Кеңес төрағалығына танымал қоғам қайраткері немесе Сарыкөл ауданы әкімінің келісімі бойынша белсенді қоғамдық-саяси ұстанымға ие тұлға сайлана алады.
- Кеңес міндеттері мен қызметтері
- Медиация кеңесінің басты мақсаты - Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мақсатында медиация институтын дамыту.
Медиация қызметінің негізгі міндеттері:
1) қоғамдық келісім саласындағы медиация бойынша стратегиялар әзірлеу;
2) Қоғамдық келісім саласындағы медиация жөніндегі қызметті үйлестіру және жүйелеу;
3) Сарыкөл ауданы әкімдігінің медиация бойынша ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;
4) этносаралық қатынастар саласында медиация бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу, медиация бойынша тәжірибені жетілдіру;
5) этносаралық қатынастар саласында медиация бойынша әдістемелік материалдар әзірлеу;
6) этносаралық қатынастар саласындағы медиация бойынша отандық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.
- Кеңес өкілеттіктері
- Кеңес өз құзыреті шегінде:
1) жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) Кеңес отырыстарында Кеңес құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
3) Кеңес құзыретіне жатқызылған нақты мәселелер бойынша ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында жұмыс топтарын және комиссиялар құруға;
4) өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша шешім қабылдауға;
5) медиацияны нормативтік-құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар жасауға құқылы.
- Кеңес қызметін ұйымдастыру
- Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі.
- Кеңес отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі қатысқан кезде заңды болады.
- Кеңес шешімдері отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Кеңес мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
- Кеңес отырыстарына Кеңес мүшесі болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ қоғамдық медиация ұйымдарының, этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
- Кеңес төрағасы:
- Кеңес қызметін басқарады және оның отырыстарына төрағалық етеді;
- Күн тәртібін айқындайды және Кеңес отырыстарының хаттамасына қол қояды.
- Жылына бір рет (қажеттілігіне қарай) Сарыкөл ауданы әкімінің келісімі бойынша қеңес құрамы бойынша түзетулер енгізуге құқылы.
- Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төрағаның өзі тағайындаған орынбасар атқарады.
- Кеңес хатшысы:
1) Кеңес мүшелеріне отырыстың өтетін мерзімі мен орны туралы хабарлайды;
2) Кеңес отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
3) Кеңес отырыстарының хаттамасын рәсімдейді;
4) Кеңес мүшелерінің қабылданған шешімдерді орындау бойынша атқарған жұмысы туралы дайын есепті Кеңес төрағасына ұсынады;
5) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асырады. Кеңес хатшысы Медиация кеңесінің мүшесі болып табылмайды.
Кеңес хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
- «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ Кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
Кеңестің жұмыс органы:
1) Кеңес қызметін ақпараттық-сараптамалық тұрғыдан қамтамасыз етеді;
2) Кеңес құзыретіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;
3) Кеңес қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.